- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда аграрийлерге арналған алғашқы интернет портал іске қосылды
Қазақстанда аграрийлерге арналған алғашқы интернет портал іске қосылды
Agrobiz.kz интернет-порталы шаруа қожалықтарының мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, қаржы институттарымен, ғылыми орта және коммерциялық сектормен байланыстарын жеңілдету мақсатымен жасалған.
Мысалы, ауылдық аймақтардағы әкімшілік жедел түрде әр түрлі ескерту мен хабарландыруларды өз аймақтарының шаруа қожалықтарына жібере алады, ал мемлекеттік органдар қауіп-қатер жағдайлары туралы (сел жүру, өрт, зиянкестердің таратылу қауіпі мен карантин аурулары немесе салық төлемдерінің мерзімдері туралы) дер кезінде хабар тарата алады. Сонымен қатар, аталған дереккөздің көмегімен шаруа қожалықтарының иелері қызметтері жайлы актуалды ақпаратты жариялап, өз өнімдерін нарықта жарнамалауға мүмкіндіктері бар.
Потарлды жасақтаушы Айдос Аманбай өз жобасында Ашық деректер (data.egov.kz) порталының ашық қолданыстағы деректерді барынша пайдаланған. Порталдағы керек деген барлық ақпаратты: көкөніс өнімдерін өсіретін мекемелер мен белгіл бір аудандардағы мал-дәрігерлік емханалардың болуы және т.б. Солайша әзірлеуші тек қана ақпараттық өнім емес жан-жақты ақпаратпен қамтылған ауыл шаруашылық интернет-порталын жасап шығарды.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әлнұр Ермағамбетов атап өткендей «Ашық деректер порталында 2000-нан астам деректер жинағы қолжетімді, енді, алға қойған мақсаттарымыздың бірі – жоба әзірлеушілер, бағдарламашылар, хакатонға қатысушылар тарапынан порталдағы деректердің сапасына қатысты пікірлерін алу. «Алдағы уақытта да жас мамандарды ашық деректерді кеңінен пайдалануға шақыруды жоспарлап отырмыз» - деп қосты Ә.Ермағамбетов.
Айта кетерлік жайт, порталдың жасаушысы Айдос Аманбай, маңызы үлкен жобаны жүзеге асырғаны үшін серіктестері мен «Tech Garden Cup-2016» хакатонын ұйымдастырушыларымен марапатталып, «Үздік жоба-әзірлеу» номинациясын иеленді. Хакатонның технологиялық серіктесі ретінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тапсырмасы бойынша жарысқа қатысушыларға iOS, Windows немесе Android платформалары үшін мобильдік қосымша мен веб-қосымша жасау үшін data.egov.kz. порталындағы ашық деректерді пайдалану шарты қойылған болатын.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті