- Басты
- Жаңалықтар
- Шығыс Қазақстанда патриотизм туралы пилоттық жоба іске қосылды
Шығыс Қазақстанда патриотизм туралы пилоттық жоба іске қосылды
Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, жергілікті атқарушы органдар облыс прокуратурасымен бірлесіп, әлеуметтік фото және бейнероликтер арқылы өңір тұрғындарына анағұрлым маңызды тақырыптар – патриотизм, бірлік, толеранттылық және отбасылық құндылықтар жайында сөз етпек.
«WhatsApp, Viber, Telegram сияқты жылдам хабарлама алмасу бағдарламалары пайдаланушылар арасында аса танымал. Соңғы уақытта осындай мессенджерлер арқылы теріс әрі дұрыс емес ақпарат аз таратылмайтыны ешкімге құпия емес. Осы тұрғыда азаматтарда айналада болып жатқан оқиғалар жайында біржақты ұғым қалыптасады. Әр адамның өмірінің маңызды әрі оң жақтары туралы еске салып отыру үшін, соның ішінде терроризм мен экстремизм, зорлық-зомбылық сынды басқа да идеяларды таратуға қарсы іс-қимыл жасау аясында жергілікті атқарушы органдар мобильді мессенджерлерді пайдалана бастады», - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Мобильді мессенджерлерде ақпараттың теріс әсер ету деңгейін төмендету үшін толеранттылық, патриотизм идеяларын насихаттайтын, отбасы институтын дамытатын, мүгедектерге көмек көрсетуді қолдайтын роликтер таратылады.
Оң роликтер мен уәждеуші материалдар Өскеменнің әр түрлі ұйым қызметкерлерінің арасында таратылатын болады. Материалдарды жариялау арнайы әзірленген медиажоспар аясында жүзеге асырылады. Сәйкесінше, әр түрлі мессенджер топтарында бейнероликтердің таратылуы нақты, біржолғы сипатқа ие болады.
Курчатов қаласында «Таза жүрек» жобасының алғаш іске қосылғанын атап өткен жөн. Жобамен Курчатов қаласының 50% жуық белсенді тұрғыны қамтылған. Социологиялық сұрау нәтижелері бойынша таратылатын роликтер оң әсер еткен, себебі оларды алған адамдардың көпшілігі өмір мәні жайында ойлана бастаған (33,3%), әр түрлі оң эмоцияларды басынан өткерген (28,6%) немесе өмір құндылықтарын қайта ұғына бастаған (14,3%).
«Таза Жүрек» жобасын облыстың басқа да қалалары мен аудандарында іске асыру жоспарланып отыр.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді