Астанадағы жәрмеңкеде 300 тонна ауыл шаруашылығы өнімі сатылады

2 Мамыр, 2017 09:56
Астанада 13 мамырдан 1 қазанға дейін «Қазақстан» СК және «Алай» СОСО автотұрақ алаңдарында өңірлік ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігі.

ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесін өткізу кезеңінде азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында өңірлік ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізу жоспарланған. Жәрмеңкелерді өткізу орындары ретінде «Қазақстан» СК және «Алай» СОСО-ның автотұрақ алаңдары белгіленді.

Сондай-ақ, концерттік бағдарлама ұйымдастырылады, шараның музыкалық сүйемелдеуін облыстардың шығармашылық ұжымдары қамтамасыз етеді.

 «Жәрмеңке екі күн қатарынан өткізіледі, елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін нарық бағасынан 15-20%-ға арзанға сатып ала алады. 2017 жылдың 13-14 мамырында дәстүрлі өңірлік жәрмеңкелер маусымын Атырау, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары ашады, олан кейін кесте бойынша өткізіледі», - делінген хабарламада.

Үш жәрмеңкеге облыстардың барлық аудандарының 190 өңлеу кәсіпорны мен ауыл шаруашылық құрылымдары қатысады. Жалпы, 300 тонна ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу жоспарланып отыр (Атырау облысы - 29 тонна, Батыс Қазақстан облысы – 4 тонна, Оңтүстік Қазақстан облысы - 265,5 тонна).

Барлық жаңалықтар