- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандылық этномәдени бірлестіктерге 700 мың теңгеден сыйақы берілді
Қарағандылық этномәдени бірлестіктерге 700 мың теңгеден сыйақы берілді
Достық үйінде елімізді рухани жаңғырту, бірлік пен ұлтаралық келісім туралы сөз қозғалды.
«2017 жылды жүйелі жаңғыру жылы деп атауға болады. Алдымен Президент экономикалық жаңғыру туралы жарияласа, кейіннен саяси жаңғыру басталды. Бұл өзгерістер рухани жаңғырумен аяқталады. Бүгінде біз бірегей – көп ұлтты, көп мәдениетті қазақстандық қоғамның эволюциясы туралы сөз қозғаймыз. Тынышсыз уақытта біз, қазақстандықтар, жерімізде бейбітшілік пен келісімді сақтай алдық», - деді Ерлан Қошанов.
Әкімнің айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы этникалық мәселелерді шешумен ғана айналыспайды. Бүгін қоғамдық институт қайырымдылық, медиация және қоғамдық бақылау мәселелерін шешуге атсалысады. Қарағандылықтар «Туған жер», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобаларын іске асыруға үлес қосады.
«Этномәдени бірлестіктердің көшбасшыларының, сарапшы қоғамның алдында үлкен міндет тұр – жаһандық идеологиялық бәсекелестік жағдайында тиімді болатын жұмыстың тәсілдері мен әдістерін табу. Жастарға қандай қауіп төніп тұрғанын білеміз. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қоғамды адастыру әрекеттері орын алуда. Бұл еліміздің тұрақтылығына қауіп төндіруде», - деп атап өтті облыстық ҚХА ғылыми-сарапшы тобының басшысы Вилен Молотов-Лучанский.
Шара соңында облыс әкімі аймақтың этномәдени бірлестіктеріне 700 мың теңге мөлшерінде сыйақы табыстады. Бұдан бөлек, Ерлан Қошанов «Туған жер» жобасы бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.
«Біздің көптеген ауылдарымызда жақсы дәстүр қалыптасқан – мектеп түлектері қайда жүрсе де, 10, 20, 30 жылдан кейін міндетті түрде жиналады, мереке ұйымдастырады, өздерінің туған жерлеріне сый жасайды. Осы дәстүрді жалпыхалықтық дәстүрге айналдырайық», - деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, облыс әкімі жерлес әртістердің қатысуымен үлкен гала-концерт ұйымдастыруды ұсынды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр