• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарасай ауданының этно-мәдени орталығы қазақстандықтарды 1 мамыр күнімен құттықтады

Қарасай ауданының этно-мәдени орталығы қазақстандықтарды 1 мамыр күнімен құттықтады

1 Мамыр, 2017 11:34
Қазақстан халқының бірлігі күні Қарасай ауданының этно-мәдени орталығының төрағасы Руслан Мамедов еліміздің барша азаматтарын мерейлі мерекемен құттықтады.

«Бүгін – ерекше күн. Халқымыздың бірлігін көріп отырмыз, бауырлас ұлттар екенімізді көріп отырмыз. Өзара түсіністік. Бұл бірінші кезекте халыққа керек дүние.  Еліміздегі бір-бірімізге деген құрмет, ауызбіршілік ҚР Президенті саясатының дұрыстығын көрсетеді. Біздің басты институт Қазақстан халқы Ассамблеясы өте табысты жұмыс істеп келе жатыр. Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері өте көп және олар өзара ынтымақтастықта, достықта өмір сүруде. Барша қазақстандықтарға денсалық және бақыт тілеймін», - деп ағынан жарылды Р. Мамедов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шаралар өтуде.

Ақбота Күзекбай

Фото автордан

Барлық жаңалықтар