• Басты
  • Астанада 10 мың тал көшеттері отырғызылды
29 Сәуір, 2017 16:01

Астанада 10 мың тал көшеттері отырғызылды

Астанада экологиялық айлық аясында 10 777 көшет отырғызылды, деп хабарлады елорда әкімдігі.

Астанада 10 мың тал көшеттері отырғызылды | Strategy2050.kz

Көктемгі экологиялық айлыққа 150 мыңнан аса қала тұрғыны, 4622 кәсіпорын, ұйым мен мекеме, соның ішінде 44 жоғары және орта арнайы оқу орны, 146 мектепке дейінгі және жарпы білім беру мекемесі, 74 денсаулық сақтау мекемесі, 161 мемлекеттік мекеме, ведомство мен ұлттық компаниялар қатысты. Сонымен қатар, 210 дана тиегіш пен 387 дана жүк көлігі, барлығы 425 аса автомашина мен басқа да мамандандырылған техника тартылды.

Сонымен әкімдіктің мәліметі бойынша, сенбілік аясында жалпы ауданы 3 545 050 м2 саябақ пен парк аумағы жиналды, 10 777 көшет (қызыл тал, татарлық үйеңкі, қарағай, қайың, емен, пирамидалық терек, шетен) отырғызылды.

Бұдан басқа, еріктілер мен қоғамдық ұйымдарды тарта отырып, өзендердің арнасын санитарлық тазартуды қамтамасыз ету мақсатында Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендерінде экологиялық шаралар ұйымдастырылды.

Сенбілік барысында 2 559,68 тонна қоқыс жиналып, полигонға шығарылса, 349 рейс жасалды. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды