- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО-ның жаңа Кедендік кодексі 2018 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді
ЕАЭО-ның жаңа Кедендік кодексі 2018 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді
ЕЭК кеңесінің төрағасы, Қырғызстан Республикасының бірінші вице-премьері Олег Панкратов ЕАЭО елдерінің жұмысшыларын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім жобасын талқылау отырыстың басты мәселерінің бірі екеніне Кеңес мүшелерінің назарын аударды.
«Аталмыш құжатты 2017 жылы қабылдау ЕЭК қызметінің басымдықтарының бірі. Осылайша біз Одақ елдерінің азаматтарының болашаққа сеніммен қарауына үлкен жағдай жасаймыз», - деп атап өтті Олег Панкратов.
Сонымен қатар, ЕЭК кеңесінде Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодекстің ритификациялау процедураларын синхрондау туралы шешім қабылданды. Ендігі кезекте жаңа кодекс 2018 жылдың 1 қаңтарында күшіне енетін болады.
Кодекспен қатар Комиссияның ұлттық деңгейден жоғары жиырма бес мәселесі бойынша бірінші кезектегі шешімдері күшіне енеді. Олар уәкілетті экономикалық операторлардың қызметін, жеке тұлғалардың тауарларын реттеу ережелерін және т.б. реттеуге қатысты.
Комиссияның кедендік ынтымақтастық бойынша министрі Мұқай Қадырқұлов ЕЭК кеңесінің мүшелерін Одақтың әр елінде «бір терезе» механизмін құру жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы хабардар етті.
ЕЭК Кеңесінің мүшелері 2017 жылға арналған жұмыс жоспарын мақұлдады. Ол мүше-мемлекеттердің сыртқы экономикалық реттеу қызметін реттеу жүйесіндегі «бір терезе» жобасын дамытуды қамтамасыз ететін болады. Атап айтқанда, Комиссия мен ЕАЭО елдері Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің деңгейінде қызметі мен сәулеті бүге-шүгесіне дейін көрсетілген «бір терезе» ұлттық механизмінің эталондық үлгісін бекіту керек. Сонымен қатар эталондық үлгіні жасақтауға және енгізуге бағытталған құралдар мен стандарттарды және регламентті жасақтау жоспарланда.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар