• Басты
  • Виртуалды Call-орталығы Алматы облысындағы учаскелік медициналық қызметтің жұмысын оңтайландырды
29 Сәуір, 2017 11:03

Виртуалды Call-орталығы Алматы облысындағы учаскелік медициналық қызметтің жұмысын оңтайландырды

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы облысына жұмыс сапары аясында Талдықорған қаласындағы №2 қалалық емханада болды, деп хабарлады ведомстводан.
Виртуалды Call-орталығы Алматы облысындағы учаскелік медициналық қызметтің жұмысын оңтайландырды

Министрліктің хабарлауынша, мұнда ол электронды кезек жүзеге асырылған «Жетісу» медициналық ақпараттық жүйесімен танысты. Пациенттер онлайн режимінде жалпы практика дәрігерлері мен салалық мамандар қабылдауына жазыла алады, сондай-ақ электронды жүйеде дәрігерді үйге шақыртуға болады. Ақпараттық жүйе нақты уақыт аралығында онлайн режимде  аймақтағы медицина ұйымдарында болып жатқан барлық процесстерді (қабылдауға келген әр науқас бойынша дәрігерлердің жазбаларын, флюорографиядан өту, дәрі-дәрмек рецептілерін) қадағалай алады.

 

Сондай-ақ, министрге облыс аумағындағы қолданыстағы виртуалды Call-орталық  бағдарламасы таныстырылды.  Аталған бағдарлама анықтама қызметінің медициналық тіркелім жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді, учаскелік қызмет жұмысын жұмылдырады.

 

«Бағытты автоматтандырудың арқасында ешқандай науқас қараусыз қалмайды, дәрігердің қабылдау уақыты тезірек келеді, сырқат себебіне қарай диагностикаға,  маман дәрігерлерге, қан талдауына, т.б. жіберілген науқастың клиникадағы тексерілу бағыты да  оңтайландырылады», - деп атап өтілген хабарламада.  

 

Одан әрі денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Талдықорғандағы қалалық көпсалалы ауруханада болды. Медицина қызметкерлерімен әңгімеде министр медициналық жабдықтармен және қызметкерлер құрамымен қамтамасыз етілу мәселесін сұрастырды. Бүгінде  ауруханада 40 төсектік политравма және қалпына келтіру ортохирургиясы, 20 төсектік нейрохирургия бөлімшесі  ашылды, сондай-ақ Травматология және токсикология орталығы құрылды.   

 

Политравма және қалпына келтіру ортохирургиясы бөлімшесінде түрлі жарақат кезінде жоғары технологиялық құралдармен жабдықталған, мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. Ірі буындарды ауыстыру, түтікшелі сүйектер сынған кезде азинвазивті экстра және интрамедуллярлы остеосинтез оталары жасалады.

Айта кетерлік жайт, ауруханада жарақат кезінде дәрігер келгенге дейін шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша орта медицина қызметкерлері,  жедел жәрдем жүргізушілері үшін тұрақты түрде оқу курстары өткізіліп тұрады.

ҚР денсаулық сақтау министрі травматологиялық көмек қызметін дамыту жарақат салдарынан болатын мүгедектік деңгейінің  төмендеуіне, сондай-ақ бүгіндері өте жиі кездесетін жол-көлік апатынан зардап шеккендерге уақытылы медициналық көмек көрсету жарақат салдарынан қайтыс болу (өлім) көрсеткіштерінің айтарлықтай азаюына мүмкіндік беретіндігіне назар аудартты.  

Елжан Біртанов бірқатар денсаулық сақтау объектілерінде  (мемлекеттік және жеке секторларында)  болып, аймақтың медицина қызметкерлері қауымымен кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысы Жолдауындағы  денсаулық сақтау көрсеткіштерін жақсартудың жүйелі  шаралары жөніндегі негізгі ережелерді жүзеге асыру мәселелері қозғалды.  Сондай-ақ,  Министр Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің басты артықшылықтарын түсіндірді. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды