- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында алты дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталады
Алматы облысында алты дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталады
Рrimeminister.kz ақпараты бойынша, Талдықорғандағы көпбейінді аурухананы аралау кезінде Бақытжан Сағынтаев клиникалық-диагностикалық бөлім мен аз инвазивті бөлімді, сонымен қатар компьютерлік және магнитті-резонансты томография кабинеттерін аралады.
ҚР Премьер-Министрі «Денсаулық» бағдарламасы аясында жаңа нысандар құрылысы мен материалдық-техникалық базаның жаңартылуы жүргізіліп жатқанын айтты. Биыл облыста ауылдағы медицина қызметтерінің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін алты дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталады.
Жалпы облыс халқына 826 мекемеде медициналық көмек көрсетіледі, оның ішінде 663 – мемлекеттік, 163 – жекеменшік мекеме. ҚР Премьер-Министріне мамандандырылған ЖҚҚО-ның ағымдағы жағдайы туралы баяндалды, онда интернет-кітапхана, «Жасыл ел» облыстық штабының кабинеті мен жастарға қызмет көрсету бөлімі жұмыс жасайды. 2016 жылы салынған Орталықта жыл сайын облыстың 700-ге жуық жас тұрғыны өзекті мәселелерді шешуде көмек алады.
Мұндай орталықтар жастарға практикалық көмек беріп қана қоймай, ҚР Үкіметі тарапынан қолдау шаралары туралы пайдалы ақпарат ұсынады. Осылайша, «Жастар іс-тәжірибесі», «Дипломмен - ауылға» және «Жасыл ел» бағдарламаларының арқасында студенттер мен түлектер маусымдық және тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, биыл кәсіби-техникалық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру басталады, ол жастарға жұмысшы мамандықтарды тегін алуға мүмкіндік береді.
Оқушылар сарайын аралау кезінде Бақытжан Сағынтаевқа өңірдегі мектептердегі үш тілді білім беруге көшуге дайындық жайы баяндалды. Сонымен қатар, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер базасында және «Білім - Инновация» лицейлерінде жаратылыстану-математикалық цикл пәндері ағылшын тілінде оқытылады. Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, адам капиталының сапасын арттыру Қазақстандағы экономикалық өсімнің жаңа үлгісін қалыптастыру кезіндегі басымдықтардың бірі ретінде көрсетілген. Осыған орай, ҚР Үкіметі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мен денсаулық сақтау және білім берудің заманауи жүйелерін қалыптастыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция