- Басты
- Жаңалықтар
- «Манғыстау-Үстірт» халықаралық экспедициясы басталды
«Манғыстау-Үстірт» халықаралық экспедициясы басталды
Экспедицияға қатысушылар – Атырау, Ақтау, Жаңаөзен қалаларының ынтагерлері, Санкт-Петербург пен Мәскеу қалаларынан келген «Ресей географиялық қоғамының» мүшелері. Экспедиция серіктестері - «ҚазМұнайГазӨнiмдерi»ЖШС, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы. Ал, экспедицияны ұйымдастырушылар «WheelsBrothers» мотоклубы.
«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының ақпараты бойынша, экспедицияның мақсаты – Батыс Қазақстанның ең әсем жерлерін көруге мүмкіндік беретін бағыттарды жасақтау.
Ұйымдастырушылардың басты міндеті туристерге өңірді өтіп бара жатып емес, толық бір бағытпен жүре отырып танысуға мүмкіндік беру.
Экспедиция Қазақстандағы ішкі, сыртқы экологиялық, танымдық, оқиғаға толы және экстрималды туризмнің дамуына қосатын үлес болып табылады.
Халықаралық туристер қоғамы үшін өңір айтарлықтай қызық болғанмен, кең далаға кіріп кетуге кез-келгеннің дәті бара бермейді. Су көздері, түнеп шығу орындары, анықтама беретін орталықтар туралы нақты, әрі жүйелендірілген ақпараттың жоқтығы көптеген жандарды Үстірт шоқысы мен Маңғышлақ жартыаралын тамашалау мүмкіндігінен айырып отыр.
Айта кетерлік жайт, аталмыш экспедиция өз алдына туристер мен барлық ниеті бар азаматтарды осы бағыт арқылы осынау табиғаты әсем жерлермен таныстыру міндетін қойып отыр.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды