• Басты
  • Халық бірлігі күні қазақстандық патриотизм мерекесіне айналды - ҚХА
28 Сәуір, 2017 19:08

Халық бірлігі күні қазақстандық патриотизм мерекесіне айналды - ҚХА

Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады.
Халық бірлігі күні қазақстандық патриотизм мерекесіне айналды - ҚХА

"Достық пен өзара түсіністіктің нышанына айналған бұл мереке Қазақстан қоғамындағы біріктіруші факторлардың біріне айналды.  Ол – әркімге де қымбат және миллиондаған азаматтардың жүрегіне жылы сезім ұялататын мереке", - делінген хабарламада.   

Ассамблея өкілдері Қазақстан – мәдениеттерінің, тілдері мен дәстүрлерінің әралуандығы басты байлығына айналған, ал азаматтары жасампаздық пен даму идеясы айналасында біріккен ел екенін атап өтті. 

Биылғы жылы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ел дамуының жаңа парағын ашатын жан-жақты жаңғыру бойынша  ауқымды міндеттерді іске асыру басталды.

Олардың сәтті іске асырылуы қуатты да бәсекеге қабілетті мемлекет құрудың басты шарты –  қазақстандықтардың бірлігі мен жұмылғандығын сақтауға тікелей байланысты.  

"Қымбатты достар! Бізде халық бірлігі күні шын мәнінде де қазақстандық   патриотизмнің, өз еліне деген сүйіспеншілік пен адал берілгендіктің мерекесіне айналды. Осы жарқын мереке күні Қазақстан халқы Ассамблеясы барша қазақстандықтарға мықты денсаулық, бақыт пен береке тілейді!  Ол сіздердің үйлеріңізге көптеген қуаныш пен шаттық, ал Отанымызға татулық пен өркендеу әкелсін!", - делінген құттықтауда. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды