• Басты
  • Астанаға 380 жаңа жайлы қоғамдық көлік жеткізіледі
28 Сәуір, 2017 19:54

Астанаға 380 жаңа жайлы қоғамдық көлік жеткізіледі

2017 жылдың 1 маусымына дейін Астанаға 380 жаңа жайлы қоғамдық көлік жеткізілуі тиіс. Бұл туралы Астана қаласы әкімі Әсет Исекешовтың қоғамдық көліктің жұмысын тексеру мақсатында елорданы аралауы барысында белгілі болды.
Астанаға 380 жаңа жайлы қоғамдық көлік жеткізіледі

Қала басшысы бірінші кезекте Астана қ. Диспетчерлеу орталығына барды. Аталған орталық қоғамдық көлік қозғалысын басқарумен айналысады, яғни, автобустың желіге шығуын, кестені орындауын және автобустардың бекітілген бағдарды ұстануын қадағалайды.

Орталық қызметкерлері елорда басшысына қоғамдық көліктің қозғалысын шынайы уақыт режимінде бақылауға арналған экранды көрсетті. Әкім орталық қызметкерлеріне Астана тұрғындарының қалалық автобустардың жұмысына қатысты көтеретін мәселелер мен проблемаларды жеткізді.

Сондай-ақ, әкім елорда көлігінің байланыс орталығының жұмысымен де танысты. Орталықта барлығы 35 адам жұмыс істейді.

Әкім көлік мамандарының біліктілік орталығына да барып, жүргізушілерді дайындау барысынан хабардар болды. Бұл жерде жыл басынан бері 500-ден аса адам дайындықтан өткен. Ішкі істер органдарының қызметкерлері де осы жерде оқыту курстарынан өтеді.

Осыдан кейін шаһар басшысы №1 қалалық автопаркке ат басын бұрып, кәсіпорынның, Аstana LRT, қалалық қоғамдық көлік басқармасының басшылығымен және полиция қызметінің қызметкерлерімен кеңес өткізді.

Әсет Исекешев жаңа автобустардың жеткізілімдерін қысқа мерзімде қамтамасыз етуді тапсырды. Ескі көлікті жаңасына ауыстыру қажеттігін айтты. Қазіргі уақытта қалалық автопарктерге 28 автобус жеткізілген. 2017 жылдың 1 маусымына дейін Астанаға 380 жаңа жайлы қоғамдық көлік жеткізілуге тиіс.

«Тұрғындарға ыңғайлы және жайлы – қоғамдық көліктің басымдықты белгілері осы. Сол себепті кезек күттірмей автобустардағы кондиционерлердің жұмысын ретке келтіруді тапсырамын. Мұндай техникалық ақаулар болмауға тиіс», – деді Ә. Исекешев.

Қаланы аралап шыққан соң Әсет Исекешев қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту және алға қойылған міндеттерді орындау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды