- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сапарбаев Орынбор облысының губернаторын ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырды
Б.Сапарбаев Орынбор облысының губернаторын ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырды
28 Сәуір, 2017 20:21
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Орынбор облысының губернаторы Юрий Бергті «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне шақырды, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев алдын ала деректер бойынша көрмеге 2,5 млн-ға жуық адам келетінін атап өтті. ТМД, Қытай, Еуропа, Түркия және АҚШ-тан көп туристер келеді деп күтілуде.
«Осы жағдайды пайдалана отырып, баршаңызды Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға шақырамын», - деді Б. Сапарбаев.
Ол Юрий Бергке кәдесый билетін табыс етті.
«Қазақстандық тараптың халықаралық көрмені өткізуге қалай дайындалып жатқанын көріп отырмыз. Оның Астанада сәтті өтуі үшін арнайы «ЭКСПО» бірегей қалашығы да салынып жатыр. Көрмеге міндетті түрде келеміз», - деді Орынбор облысының губернаторы.
Еске сала кетейік, Орынборда Ақтөбе облысы күндері өтіп жатыр.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция -
COVID-19:Ұлыбритания келесі аптада вакцинациялауды бастайды, ал Макрон мен Меркель Еуропа елдерін бірыңғай саясат ұстануға шақырды