- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев Алматы облысындағы бос жұмыс орын жәрмеңкесін аралады
Б.Сағынтаев Алматы облысындағы бос жұмыс орын жәрмеңкесін аралады
Б. Сағынтаевқа «Талдықорған», «Береке» индустриалды аймақтарының ағымдағы қызметі, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА жұмысы туралы мәлімет берілді, сондай-ақ Панфилов ауданындағы жаңа Нұркент қаласының құрылыс барысы және Gate Sity серіктес қаласын дамыту туралы баяндалды.
Айта кетерлік жайт, қазіргі кезде индустриалды аймақ аумағында барлығы 11 кәсіпорын жұмыс істеп тұр, оның ішінде металл бұйымдарын, жылытатын базальтті плиталарды, асфальт, бетон мен басқаларын өндіретін зауыттар мен цехтер бар. Сонымен қатар алдағы уақытта тағы 9 кәсіпорын осы жерге өз өндірістерін орналастыруды жоспарлауда.
Жаңа өндірістерді білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін өңірде тұрақты түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп тұрады. ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев «Жастар» атты жаңа саябақтағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне барды, мұнда 100-ге жуық кәсіпорын 1500-ден астам жұмыс орнын ұсынды.
Бақытжан Сағынтаевқа мұндай жәрмеңкелердің жиі өткізілуі есебінен, биылғы жылдың басынан бері 6 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру мүмкін болғаны баяндалды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарымен 2300-ге жуық адам, маусымдық жұмыспен – 1300 адам қамтамасыз етілді, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін қоғамдық жұмыстармен 2700 адам қамтылды.
Азаматтарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметі қазірдің өзінде сервистік экономиканы дамыту бойынша шаралар кешенін жүзеге асырып жатыр, сонымен қатар ҚР Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, сонымен қатар жұмыссыз жастар үшін тегін кәсіптік-техникалық білім беру бағдарламасы қабылданды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды