- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан және Сауд Арабиясы энергетика саласындағы байланыстарды нығайту жөнінде келісті
Қазақстан және Сауд Арабиясы энергетика саласындағы байланыстарды нығайту жөнінде келісті
Делегация құрамында Saudi Aramco (Мұнай және газ), Sabic (мұнай-газ-химия) және Maaden (тау-кен өнеркәсібі) ірі Сауд Арабиясы Корольдігі компанияларының басшылары бар.
Кездесу барысында тараптар 2016 жылғы қазандағы Эр-Риядтағы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың сапары аясында қол жеткізілген бірқатар уағдаластықтарды талқылады. Тараптар мұнай-химия, атом өнеркәсібі және жаңартылатын энергия көздері салаларында екі жақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін қарастырды.
Атап айтқанда, тараптар екі елдің ынтымақтастығын келесі бағыттарда дамыту мәселелерін талқылады: бірлескен мұнай-газ-химия жобаларын іске асыру; атом өнеркәсібі саласында ынтымақтастықты кеңейту; Сауд Арабиясы АЭС-ін ядролық отынмен қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін зерделеу, сондай-ақ уран кен орындары мен технологияларын әзірлеу саласында тәжірибе алмасу.
Сонымен қатар Сауд Арабия Корольдігінің жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы әлеуетін ескере отырып, тараптар бірлескен жобаларды және оларды іске асырудағы тәжірибемен, сондай-ақ ЖЭК саласын тиімді қолдау жүйесімен алмасудағы ықтимал ынтымақтастықты қарастырады.
Бұдан бөлек, кездесу барысында ведомство басшысы Қанат Бозымбаев Қазақстанның ОПЕК шеңберінде қабылдаған міндеттемелерін ағымдағы жылғы қаңтар айында орындағаны туралы атап өтті. Өндіру көлемі тәулігіне 1,673 мың баррельді құрады, ал 2017 жылғы қаңтар-наурыз есепті кезеңі ішінде 2016 жылғы қараша айымен салыстырғанда өндіру көлемі сәл асты. Сонымен бірге Қазақстан 2017 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша қабылдаған міндеттемелерді орындау үшін бар күш-жігерін салып жатыр.
Сауд Арабия Корольдігінің делегациясы Қазақстанда ағымдағы жылдың 29 сәуіріне дейін болады. Жұмыс сапары шеңберінде Сауд Арабия Корольдігінің энергетика министрі ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевпен, «Астана ЭКСПО-2017» АҚ Басқарма басшысымен, Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлерімен кездеседі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді