- Басты
- Жаңалықтар
- Ішкі істер министрі ақылы көлік тұрақтары жайында айтып берді
Ішкі істер министрі ақылы көлік тұрақтары жайында айтып берді
«Ақылы көлік тұрақтары жүйелері қалалық магистральдарға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді және халықты қоғамдық көлік қызметтерін пайдалануға ынталандырады. Мысалы, қазір Алматыда 5 мың орынға арналған 40 ақылы көлік тұрағы жұмыс істейді», - деп атап өтті министр.
Сондай-ақ, Астанада ақылы көлік тұрақтарын салу жұмыстары басталды.
«Мұндай тұрақтар жүйесі, сондай-ақ қалалардың барлық жол-көлік инфрақұрылымы әкімдіктің жанынан құрылатын бір мамандандырылған ұйым қарамағында болуы тиіс. Астанада қаланың барлық көлік кешенін басқару үшін Астана LRT арнайы ұйымы құрылды. Бұл мәселені қазір ұсынымдарға сәйкес еліміздің басқа өңірлерінің әкімдіктері қарастыруда. Ұсынымдарға сәйкес, мемлекеттік органдар заңнамалық шаралар кешенін қабылдауда», - деді Қ. Қасымов.
Инвестициялар және даму министрі жол қозғалысы қауіпсіздігінің мемлекеттік аудитін енгізу, жолаушылар тасымалына қызмет көрсету кезінде субсидиялар төлеу мәселелерін пысықтау үстінде.
Отырыс барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун жуық арада Астанада ақылы көлік тұрағы жүйелерін енгізу басталатынын хабарлады.
«29 мамырда біз алғашқы 400 орынға арналған ақылы көлік тұрақтары бойынша пилоттық жоба енгіземіз, ал биылғы жылдың сәуірінде қаланың тағы 9 мың орны ақылы көлік тұрағына айналады», - деп анықтады ол.
Еске сала кетейік, бұрын ішкі істер министрі Қ. Қасымов көлік аялдамалары мен тұрақтарын бұзған үшін айыппұл сомаларын төмендетуді ұсынған болатын.
Ақбота Күзекбай
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр