• Басты
  • «Алматы – Талдықорған» магистральді газ құбыры аяқталды
28 Сәуір, 2017 12:19

«Алматы – Талдықорған» магистральді газ құбыры аяқталды

Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Талдықорған» автоматтандырылған газ бөлу стансасына барып, ондағы технологиялық жабдықтармен және магистральді газ құбырын автоматтандырылған басқару жүйесімен танысты, сондай-ақ аймақ пен Талдықорған қаласын газдандыру барысы туралы баяндаманы тыңдады.
«Алматы – Талдықорған» магистральді газ құбыры аяқталды | Strategy2050.kz

Бақытжан Сағынтаевқа ұзындығы шамамен 265 шақырым болатын «Алматы-Талдықорған» магистральді газ құбырының құрылысының аяқталуы туралы баяндалды. Бұл жаңа газ бөлу стансасын іске қосумен бірге орталықтандырылған газ құбырына Талдықорғанның бірқатар ықшам аудандарын қосуға мүмкіндік берді.  

 ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев үйлері алғаш рет газ құбыры желісіне қосылған аудандардың бірінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. 

«Алматы-Талдықорған» магистральді газ құбырының құрылысы аймақ үшін аса ірі әрі әлеуметтік маңызға ие жобалардың бірі болып табылады. Оны жүзеге асыру үшін бюджет қаражатынан 21,4 млрд теңге бөлінді. 

ҚР Үкіметінің алдында аймақтарды газдандыру деңгейін 2030 жылға қарай 56% дейін жеткізу міндеті тұр. Осыған байланысты қазіргі кезде аталған мақсаттарға қол жеткізу бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Атап айтқанда, Алматы облысында «ҚазТрансГаз» АҚ Ұлттық операторының бөлімшелері Талдықорған қаласының газбен жабдықтайтын қалалық ішкі желілерін салып жатыр, 1,4 мың шақырымға созылатын,170 мың адамды қамтитын 4 кезекке бөлінген құрылыстың жалпы құны 23,4 млрд теңгені құрайды.

Биылғы жылдың ІІ тоқсанында бюджет қаражаты есебінен «Талдықорған-Текелі» жобасы бойынша жүргізілетін газ құбырының құрылысын бастау жоспарланып отыр, оның құны 1,5 млрд теңге. Бұл 35 мың адам тұратын Текелі қаласы мен 23,5 мың адам тұрып жатқан Ескелді ауданының 9 елді мекенін газдандыруға мүмкіндік береді. 
 
2016 жылы жеке инвестициялар есебінен құны 4,4 млрд теңге болатын «Байсерке-Қапшағай» магистральді газ құбырының құрылысы басталды. 2015 жылдан бері Қапшағай қаласының газбен жабдықтау қалалық ішкі желілерінің құрылысы жүргізіліп жатыр, оған 1,6 млрд теңге инвестиция салынды.«Байсерке-Қапшағай» МГ, АГБС және Қапшағай қаласын газбен жабдықтайтын қалалық ішкі желілері бойынша барлық құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2017 жылдың 15 қазанына дейін аяқтап, пайдалануға беру көзделіп отыр.  

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды