- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев Алматы облысында АӨК мембағдарламасының жүзеге асырылуымен танысты
Б.Сағынтаев Алматы облысында АӨК мембағдарламасының жүзеге асырылуымен танысты
Облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров облыстағы АӨК дамыту және қант қызылшасын, суармалы егіншілікті дамыту бойынша, сонымен қатар сервистік-дайындау цехтарын құру бойынша қолға алынып жатқан шаралар туралы баяндады.
«Нам Г. Н.» шаруа қожалығының үлгісінде Бақытжан Сағынтаевқа суармалы егіншілікте жаңа технологиялардың қолданылуы туралы әңгімелеп берді. Бұл шаруашылықтағы суармалы жер көлемі 75 га, оның ішінде 25 га жерде қант қызылшасы 30 га – картоп өсіріледі, қалған жерлерге соя және күздік бидай егіледі. 20 жуық жұмыс орындары құрылған.
Аймақта алғаш рет 10 га қызылша өсіру аумағында тамшылатып суарудың израильдік технологиясы эксперимент түрінде қолға алынады. Диқаншылар осылайша қызылша түсімінің артуына қол жеткізеді, ол аталған шаруашылықта аймақ бойынша орташа деңгейден жоғары және жылына 600 центнерді құрайды.
Алматы облысында қант қызылшасын өңдейтін Жетісудағы аса ірі Ақсу зауыты іске қосылған. 2017 жылы аймақта қант қызылшасы егілетін аумақты 9 мың га дейін арттырып, 30 мың тонна қант алу жоспарланып отыр. Бұл облыс халқын 84%-ға өз қантымен қамтамасыз етуге және импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді, бұл 2017-2020 жылдарға арналған АӨК дамытудың мемлектетік бағдарламасының міндеттеріне сай келеді.
Айта кетейік, Алматы облысында 2017 жылы АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 33,6 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражаты қарастырылған, оның ішінде субсидия көлемі – 24,9 млрд теңге. Биыл 111 ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жоспарланып отыр.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы