- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны 5 пайызға көбейді
Жамбыл облысында кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны 5 пайызға көбейді
ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, 2017 жылғы 1 сәуіріне шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілерінің саны облыста 60,2 мың бірлікті құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,5 пайызға ұлғайған.
Бұл туралы аймақ басшысының төрағалығымен өткен алқалы жиында облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Жомарт Әмірханов баяндады.
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметі бойынша, есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен 5,6 млрд. теңге түсімдер түсіпті. Бұл бюджетке түскен барлық түсімдердің 32,9 пайызын құрайды.
2017 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыруға 1,8 млрд. теңге бюджет қаражаты қарастырылып, үстіміздегі жылдың 1 сәуіріне 800,5 млн. теңге игерілді. Ал, биылғы жылдың қаңтар-наурызында кредит қоржыны 2,1 млрд. теңгені құрайтын 50 жобаға қолдау көрсетілді.
Жалпы, аталмыш бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері аймақта жалпы сомасы 81,0 млрд. теңгені құрайтын кәсіпкерлердің 816 жобасына қаржылық қолдау көрсетілді.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды