- Басты
- Жаңалықтар
- 100 мыңға жуық ақтөбелік акция аясында әлеуметтік көмекпен қамтылды
100 мыңға жуық ақтөбелік акция аясында әлеуметтік көмекпен қамтылды
Ақтөбе облысында 2017 жылғы 3-26 сәуірде Алға, Байғанин, Темір, Мұғалжар, Шалқар аудандары мен Ақтөбе қаласында жүзеге асырылған «Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасының қорытындысы шықты.
Құрамында дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, бизнес-тренерлер, имамдар мен теологтар бар 130-дан аса сарапшыдан құралған 7 жұмыс тобы10 мың шақырымды жүріп өтіп, 57 ауыл мен 5 қаланы аралады. 100 мың адамды қамтыған 1400-ден аса іс-шара өткізіліп, 1,5 мыңдай ақтөбелік нақты көмек алды.
45 ауыл әкімі тұрғындарды кәсіпкерлікпен айналысуға ынталандыру дағдысына оқытылды. Қалалар мен аудандардың тұрғындарына іскерлік жүрргізу мен кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламасының қыр-сыры түсіндірілді. Нақты бизнес-идеялар қаржыландырылды. Атап айтқанда, даму институттары 414 млн. теңге бөлді. Тағы 235 млн. теңгенің жобасы мақұлданды. 44 адам жұмысқа орналастырылды. «Жақыныңа көмектес» қайырымдылық акциясы аясында 44 аз қамтылған отбасыға көмек көрсетілді.
Облыстың үздік дәрігерлері ауылдарға барып, халықты медициналық тексеруден өткізді. 500-ден аса дам қажетті ем-домдарын алып, 41 ауыл тұрғыны облыс орталығындағы емханаларға жатқызылды. Жылжымалы стомотологиялық кешен қызметін 457 азамат пайдаланды. Бұдан өзге, облыстың жетекші дәрігерлері аудандардағы ауруханаларда 25 хирургиялық операциялар жасады.
Ауқымды түсіндіру жұмыстары кезінде теологтар, имамдар мен сарапшылар тобы ауыл тұрғындарымен жекелей және топтық кездесу өткізді. Деструктивті діни ағымды ұстанушылармен жұмыс жүргізу үшін өзге өңірлерден танымал 5 теолог шақырылды. 40 деструктивті діни ағымды ұстанушы райыннан қайтты. Олармен жұмыс жасау жалғасатын болады. Айта кетейік, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында экстремистік сипаттағы 290 бейнематериал табылып, көзі жойылды.
Ауыл тұғындарына «ЭКСПО-2017» көрмесінің билеттері табысталды. Енгізіліп жатқан міндетті медициналық сақтандыру жүйесі мен ауыл шаруашылық кооперативтерінің артықшылықтары түсіндірілді. Нәтижесінде, 140 мүшесі бар 3 кооператив құрылып, ал әрекет етушілерінің қатысушылар саны көбейді. Бұл олардың әр түрлі ауыл шаруашылығын қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысуларына мүмкіндік береді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді