- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмолалық зауыттың өнімдері шетелде үлкен сұранысқа ие
Ақмолалық зауыттың өнімдері шетелде үлкен сұранысқа ие
Сонымен әкімдіктің ақпараты бойныша, аймақ басшысы алғаш болып «Новопэк»ЖШС-ның жұмысымен танысты. Өндіріс ошағы Қазақстан бойынша полипропилен мен полиэтилен жұмсақ қамтамаларын және «биг-бэг» үлгісіндегі контейнерлер мен қапшықтарды өндіретін ең ірі кәсіпорын.
Фабрика өнімділігі айына 10 млн қап пен «биг-бэг» үлгісіндегі 150 мың контейнерді шығаруға жетеді. Компанияның өнімі әсіресе жақын шетелде үлкен тұранысқа ие.
«Бүгінде Ресейден шыққан әр үшінші қанттың қаптамасы біздің фабрикада жасалған», - деп ағынан жарылды кәсіпорын жетекшісі Айдар Жақыпов.
Зеренді ауданында аймақ басшысының аралаған екінші нысаны «Milk Project»ЖШС болды. Онда мекеме құрылтайшысы сүт өндірісі технологиясын таныстырды.
2012 жылы ИИДМБ аясында қуаттылығы жылына 16,5 млн литрге жететін «Асептикалық сүт пен сүт өнімдері қамтамасын өндіру желісі» жобасы іске қосылған болатын.
Зауытты шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында ауданда тәулігіне 15 тонна сүт қабылдай алатын 4 қабылдау пунктті ашылды. Алайда В. Маначинскийдің айтуынша, бұл зауыттың толық қуаттылықта жұмыс істеуі үшін жеткіліксіз. Бүгінде «Milk Project» ЖШС өнімі Астана қаласының, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары мен Мәскеу, Санкт-Петербург пен Омбы тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие.
Бұдан басқа, Малик Мурзалин «Altyntau Kokshetau» АҚ аралады. 2010 жылы мамыр айында құны 58 млрд теңгеден асатын Васильковск алтын кен орнын игеру мен алтыншығару фабрикасының құрылысы басталды. Оның өндіріс қуаттылығы жылына 12,5 тонна Доре алтын құймасын құюға жетеді.
Кәсіпорын басшысы Игорь Когайдың айтуынша, Васильковск кен орнының инфрақұрылымы Қазақстандағы ең ірі металлургиялық кәсіпорындардың бірі. Кенорнының шикізат қоры тағы 30 жылға жетеді және өткен жылы фабрика толық қуаттылығына көшті.
Фабриканың тыныс тіршілігімен танысқан облыс әкімі оның аймақтағы ең ірі инвестициялық жобалардың бірі екенін және аймақ экономикасына қолайлы әсер етіп, Көкшетау мен Зеренді ауданының 2500-ден астам тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтыпғанын атап өтті.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
ІІМ: Жалған вакцина паспорт иелерін анықтау мақсатында қандай жұмыс жүргізілуде -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
Жаһандану және жастар тәрбиесі