- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев «Парыз-2013» байқауы мен «Алтын сапа» арнайы сыйлығының жеңімпаздарын марапаттады
Н.Назарбаев «Парыз-2013» байқауы мен «Алтын сапа» арнайы сыйлығының жеңімпаздарын марапаттады
«Парыз-2013» кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі байқауы сыйлығы корпоративті әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік ұстанымдарын іске асыру мен жұмыстың жоғарғы нәтижелеріне қол жеткізген үміткерлерге табысталды. 2013 жылы бұл атаққа лайық деп «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ танылды. Мемлекет басшысы компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Сильван Геллерге гран-приді табыстады.
«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ өнімдерін қазіргі таңда «Airbus», «Boeing», «Rolls Royse» және «General Electric» секілді алпауыттар сатып алады. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және ынтымақтастық туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімімен арада түзілген меморандум аясында комбинат тарапынан іске асырылған әлеуметтік бағытталған жобалардың бірі Өскемен қаласы мен Жаңа Сорға ауылында салынған медициналық орталық болып табылады.
Медициналық орталық тәулігіне 240 адамды қабылдай алатын емхана мен әлеуметтік-алдын алу медициналық көмек көрсету бөлімінен, кеңес беру-диагностикалық, бейімдеу мен күндізгі стационар бөлімдерінен тұрады.
Қазіргі таңда медициналық орталықтың құрылысы аяқталған. Енді медициналық құрылғыларды әкелу мен монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Жобаның жалпы құны 1 016,9 млн. теңгені құрайды, соның ішінде заманауи медициналық құрылғыларға жұмсалатын ақша шамамен 228,8 млн.теңге. нысанның қолданысқа берілуі 2014 жылдың бірінші маусымына жоспарланған.
«Парыз-2013» байқауының жеңімпаздарымен бірге Мемлекет басшысы «Қазақстанның үздік тауары-2013» пен «Алтын сапа» жеңімпаздарын да марапаттады.
Сонымен қатар, Н.Назарбаев «Алтын сапа» байқауының арнайы сыйлығын табыстады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді