Қазақстанда «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемесі суға түсірілді

27 Сәуір, 2017 16:57
Бүгін Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында «Зенит» Орал зауыты» АҚ жасаған «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемесін суға түсіру жүзеге асырылды, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

«Осы оқиға бұған дейін де зауыт дайындаған катерлер мен кемелерді суға түсіру сияқты Қазақстан Республикасының Каспийдегі әскери-теңіз бөлімдерін отанымызда жасалатын қазіргі заманғы техникалық құралдармен жарақтандыру бойынша мақсаттарға қол жеткізудегі кезекті қадам болып табылады», - деп өз сөзінде атап өтті Б. Атамқұлов.

«Маңғыстау» кемесі зауыт үшін 26-шы кеме болып табылады және ол ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің мұқтаждарына арналған тапсырысқа сәйкес жасалды. Осы әскери кеме – осыған ұқсас жобалардан бұрын ҚР ҚК Әскери-теңіз күштеріне жеткізілген төртінші кеме екендігін атап өткен жөн.

Алдыңғы кемелерден ерекшелігі осы кемеде ҚР Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша қару-жарақ жаңғыртылған, сондықтан ол шешетін міндеттемелердің аясы кеңейді.

«Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемесінің техникалық сипаттамалары қарсыластың жауынгерлік суүсті кемелерін, катерлерін және көліктерін дербес және кемемен соққы беру күштерімен өзара іс-қимылда жоюды қамтамасыз етеді. Кеме бұл үшін қажетті жылдамдығы, басқарушылығы, жүзу алшақтығы, дербестігі, экипаждың мекендеу шарттары сияқты теңізде жүзу сапасына ие.

Барлық жаңалықтар