- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан жұмыссыздық деңгейін азайту бойынша біраз елдерді артта қалдырды - М.Құл-Мұхаммед
Қазақстан жұмыссыздық деңгейін азайту бойынша біраз елдерді артта қалдырды - М.Құл-Мұхаммед
Отырысты ашқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары соңғы 16 жылдың ішінде Қазақстанда жұмыссыздықтың екі есеге азайып, атап айтсақ – 13-тен 5 пайызға төмендегенін тілге тиек етіп, бұл өз кезегінде Елбасының әлеуметтік-экономикалық саясатының тиімділігінің айқын дәлелі болып табылатынын жеткізді.
«Аталған көрсеткіш бойынша біздің республикамыз Еуропа Одағынан (8,2%), Украинадан (9,7%), Қырғызстаннан (8%), Бразилиядан (12%), Ресейден (5,6%) озып, АҚШ пен Ұлыбританияның (4,8%) көрсеткішіне жақындап қалды», - деді ол.
Мұхтар Құл-Мұхаммед адам капиталының сапасын көтеру мен азаматтарды тұрақты жалақымен қамтамасыз ету, биылғы жылы Мемлекет басшысы серпін берген ауқымды және жаппай жаңғырудың көздеген басты мақсаты болып табылатынын атап өтті.
«Сан миллиардтаған инвестицияларды тарту, жаңа зауыттар мен фабрикалардың құрылысы, бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығын көтеру, инфрақұрылымды жаңғырту, әлеуметтік жағдайды арттыру – осының бәрін де біздің Елбасымыз адамдардың әл-ауқатын жақсарту үшін істеп жатыр. Соның арқасында бізде қазір тіпті жұмыс күші де жетіспеуде. Өткен жылы ғана ең алдымен көрші елдерден табыс табу үшін миллиондаған шетелдіктер келді. Бұл біздің елімізде 445 мың жұмыссыздың тіркелгеніне қарамастан. Тап осындай оғаш үйлеспеушілікті түзету, биылғы жылы Президенттің тапсырмасымен жүзеге асырыла бастаған, ауқымы жағынан бірегей, нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады», - деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тыңдауда жаңа бағдарламаның бес жылға арналғанын хабарлады. Тек осы жылдың ішінде ғана елімізде ең алдымен ірі мемлекеттік және салалық жобаларды іске асырудың, сондай-ақ жаңа кәсіпорындарды құрудың есебінен 346 мың адам жұмыспен қамтылады.
Сол үшін адамдарға сұранысқа ие мамандықтарды игеруге көмек көрсетіледі. Мысалы, биылғы жылдың қыркүйегінде 21 мың жас адам техникалық және кәсіби білім ұйымдарына оқуға жіберіледі. Сала министрінің айтуынша, еңбек нарығында электрогаздәнекерлеушілердің, аспазшылардың, жөндеу жұмыстарын жүргізетін темір ұсталарының, электромонтерлардың, мал дәрігерлерінің, электриктердің, монтаждаушылардың және тіпті, тігіншілердің де жетіспеушілігі байқалады. Жастар мемлекет есебінен осы мамандықтарды игере алады. Жиырма төрт жастан асқан азаматтарды тегін білім алудың шағын курстарына жіберіп, содан кейін оларды жұмысқа орналастыру көзделуде. Сонымен қатар еңбек күшін жұмылдыруды арттыру бойынша да жұмыс жүргізіліп жатыр. Халық тығыз орналасқан өңірлердің тұрғындарына жұмыс қолы жетіспейтін жерлерге қоныс аудару ұсынылып, бұл процесс басталып та кетті.
Тағы бір бағыт – кәсіпкерлікті дамыту, әсіресе, бірінші кезекте ауылды жерлердегі. Биылғы жылы ғана ауылды жерлердегі өз ісін бастаған бизнесмендерге 3300 несие беру жоспарланған. Ауыл шаруашылық вице-министрі Гүлмира Исаева кәсіпкердің бар-жоғы жылына 6 пайыздық мөлшерлемемен 5 жылға 18 миллион теңгеге дейін несие ала алатынын атап өтті.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы таныстырылғаннан кейін «нұротандықтар» мемлекеттік органдар мен өңір басшыларының алдында істеліп жатқан жұмыстың «жанды нүктелерін» белгілеп берді. Атап айтсақ депутаттарды өңірлік деңгейдегі еңбек балансының ресурсы, Жұмыспен қамту орталықтарының жұмыс сапасы, еңбек миграциясының жоспарлануы, көрші елдерден келетін заңсыз жұмыс күшінің ағымы, шағын несиелерге қол жетпеушілік, білім беру мекемелерін қайта бейіндеу, шағын несие бойынша кепілдік беру арқылы зор табысқа кенеліп жатқан бағдарлама операторларының мол маржасы секілді проблемалар толғандырады.
Тыңдау барысында аталған мәселелерді талқылауға нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға тікелей қатысатын ауыл бизнесмендері мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің де қосылғанын атап өткен ләзім. Олар да проблемасы бар мәселелерді көрсетіп, ахуалды түзеуге байланысты өз ұсыныстарын жеткізуге мүмкіндік алды.
Отырысты қорытындылаған Мұхтар Құл-Мұхаммед жүздеген мың қазақстандықтардың әл-ауқатының арта түсуі жаңа бағдарламаға байланысты екеніне тоқталды. Сондықтан да партия алдағы уақытта да оның орындалуының сапасын қатаң қадағалайтын болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді