- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Назарбаева мектептерде спортты дамыту бағдарламасын жасақтауды ұсынды
Д.Назарбаева мектептерде спортты дамыту бағдарламасын жасақтауды ұсынды
«Біз бүгін талқыланған заңды кемсіткіміз келмейді. Біз оны толығымен қолдаймыз, алайда оның жаппай спортты дамытуға, салауатты өмір салты мәселелеріне ешқандай қатысы жоқ екенін жоққа шығара алмаймыз. Бұл заңжобасы уәкілеттіліктің, қаржының мемлекеттік құрылымдар арасында қалай бөлінетінін көрсетіп отыр. Біз кәсіби спорттың маңыздылығын жоққа шығарғымыз келмейді, біздің спортшыларымыз бен олардың жарқын жеңістері біздің мақтанышымыз, абыройымыз. Спортшылар өскелең ұрпақ үшін үлгі болып отыр. Олардың жолдарын қуып бірі кәсіби тұрғыда айналысса, екіншісі спортпен өзі үшін шұғылданады. Біз осы мәселелерді шешуіміз керек», - деді Д. Назарбаева.
Ол атап өткендей, жыл өткен сайын денсаулық сақтау шығыны өсіп келеді және созылмалы аурулар бойынша статистика көңіл көншітпейді.
«Өткен жылы президенттік тест тапсырған 5 миллион адамның 70 мыңы ғана өтті. Міне бұл жаппай спорт пен дене шынықтырудың нағыз көрсеткіші. Бүгінде 2,8 млн оқушының тек 427 мыңы спортқа тартылған. Студенттер арасында көрсеткіш 39% құрады», - деп түсіндірді Д. Назарбаева.
Сонымен қатар депутаттың айтуынша, мемлекеттік бюджеттен спорт қажеттіліктеріне 19 млрд теңге және жергілікті бюджеттен 67 млрд теңге бөлінсе, оның тек 9% ғана жаппай спортқа бағытталады. Оның үстіне бұл екі ұшты мәселе, себебі өткен жылы бұл көрсеткіш не бәрі 4% болған.
«Көптеген спортшылар президенттік тесттің өте қиын екенін айтады және ондан тіпті кейде кәсіби спортшылардың өзі өте алмай жатады. Ұзақ жылдар бойы депутаттар президенттік тестті бірнеше санатқа бөлуді ұсынып келе жатыр», - деді Сенат депутаты.
Ол атап өткендей, бүгінде спортты қаржыландыру бірнеше көзден жүргізіледі.
«Ірі қорлардың бірі «Самұрық-Қазына» мен Мәдениет және спорт министрлігі. Әр орган тәуелсіз, өздері бөледі қаржыны. Туризм индустриясы және спорт қоры бар. Ұсыныстар мен шешімдер бар», - деді Д. Назарбаева.
Халық қалаулысының айтуынша, ҚР Қаржы министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігі кәсіби, мамандандырылған және жаппай спортты қаржыландыру бойынша бюджеттік бағдарламалардың бөліну мәселелерін жетілдіргені жөн. Бұдан басқа, кәсіби спорттық клубтарға, балалар-жасөспірім спорт мектептері мен спорттық құрылымдарға салықтық жеңілдіктер берілгені абзал.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Парламентінің Сенаты екі оқылымда «Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңжобасын қарастырып, қабылдаған болатын. Заңжобасы дене шынықтыру мен спортты қаржыландырудың қолданыстағы жүйесін жетілдіру, ашықтығы мен әділдігін арттыру мақсатында жасақталған.
Қайрат Жандыбаев
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды