- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру бойынша заңды қабылдады
Сенат дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру бойынша заңды қабылдады
«Заңның жобасы 2025 жылға дейінгі дене шынықтыру мен спортты дамыту тұжырымдамасына және ҚР Үкіметінің 2016 жылға арналған заңжобалары жұмысы жоспарына сәйкес жасақталды. Заңжобасында дене шынықтыру мен спортты қаржыландырудың қолданыстағы жүйесін жетілдіру, ашықтығы мен әділділігін арттырудың шынайы жолдары көрсетілген.
Бюджет қаржысының спорт түрлеріне теңдей үйлестірілуі үшін спорт түрлерін саралау жүйесі енгізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік басқару, қоғамдық бірлестіктер мен Ұлттық Олимпиада комитеті арасындағы қызметтер шектелді. Осылайша, жергілікті атқарушы органдар жаппай спортты дамытумен айналысады, ал орталық уәкілетті органдар стратегиялық міндеттерді жүзеге асырады, яғни дене шынықтыру мен спорт мәселелерін үйлестіреді, бюджет қаржысының игерілуін бақылайды», - деді А.Мұхамедиұлы.
Ол атап өткендей, дене шынықтыру мен спорт саласындағы жергілікті уәкілетті органдар бұдан былай басымдыққа ие спорт түрлерінің тізімін, ережелерін, жүлде қорын өздері жасақтап, республикалық деңгейде бекітілуіне жауап беретін болады.
«Жергілікті атқарушы органдар жаппай және ұлттық спорт түрлерінің дамуына ғана емес, мүгедектер арасында да спорттың дамуына жауапты болатын болды», - деді А.Мұхамедиұлы.
Қайрат Жандыбаев
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері