- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің салымшылары 2016 жылдың сыйақысын алды
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің салымшылары 2016 жылдың сыйақысын алды
2017 жылы МБЖЖ білім депозиттерін ашқан 13 мың салымшы 556 миллион теңге мөлшерінде Республика бюджетінен мемлекет сыйлықақыларымен көтермеленді.
Мемлекет сыйлықақысы жыл сайын бір уақытта төленеді. Бұған дейін мемлекет сыйлықақысы екі мәрте төленді: 2015 жылы – 4 748 мың теңге, 2016 жылы – 325 657 мың теңге.
«Барлығы төленген мемлекет сыйлықақысының сомасы– 897 миллион теңге», - деп хабарлады орталық.
Қазіргі уақытта МБЖЖ жүйесінде тіркелген салымшылардың саны 17 мың адамнан асады. Ашылған білім депозиттерінің жалпы сомасы 11,5 миллион теңгеден асады.
Мемлекет сыйлықақысы – ақылы білім алуға жалпы қолжетімділікті арттыру мақсатында білім беру депозиттерін ынталандырудың қосымша шарасы. Сыйлықақының мөлшері 5% немесе 7% құрайды. 7% мөлшеріндегі көтеріңкі сыйлықақы мемлекеттен әлеуметтік әлсіз санаттағы азаматтарға – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектерге, аз қамсыздандырылған отбасылардағы және көпбалалы отбасылардағы балаларға бөлінеді.
Сыйлықақыны есептеу жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде 1 жыл толған салымдағы нақты жинақталған сомаға жүргізіледі.
Нақты жинақталған сома: салымшының өз жарналарынан, 14% (ЖТСМ) мөлшеріндегі банктің сыйақысынан, өткен жылдар үшін төленген мемлекет сыйлықақысынан құралады.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс