- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау туралы заңды қабылдады
Сенат Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау туралы заңды қабылдады
Членство нашей республики в Гаагскую конференцию будет способствовать дальнейшему развитию правовой системы Казахстана с учетом мировых стандартов, повышению эффективности защиты прав и интересов казахстанских граждан за рубежом. Об этом сообщил министр юстиции РК Марат Бекетаев в Сенате Парламента РК.
«Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының мақсаты халықаралық жеке құқықтың ережелерін бірте-бірте унификациялауға ұмтылу болып табылады. Оның құрамына 81 ел мен Еуропалық Одақ енеді. Бүгінгі таңда Гаага конференциясының аясында 39 конвенция жасалған болса, біздің еліміз олардың 8-ін ратифициялады», - деді М.Бекетаев.
Ол айтып өткендей, біздің еліміздің Гаага конференциясына мүше болуы Қазақстан құқық жүйесінің әлемдік стандарттарды ескере отырып, одан әрі дамуына, қазақстандық азаматтардың шет елдердегі мүдделері мен құқықтарының қорғалу тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
«Ұйымның негізгі органдары саясат пен ортақ іс жөніндегі кеңес пен дипломатиялық өкілдердің кеңесі болып табылады. Аталмыш органдардың шешімі консенсус негізінде қабылданды. Бұл қатысушы елдердің пікірін ескеруге мүмкіндік береді», - деді М.Бекетаев.
Ол айтып өткендей, ұйымға ену жыл сайынғы мүшелік 6850 еуроны енгізуді қарастырады. Аталмыш шығындар СІМ-нің бюджеттік бағдарламасына сәйкестендірілген.
«Гаага конференциясының жарғысы ҚР Конституциясына қайшы келетін нормаларды қарастырмайды», - деді М.Бекетаев.
Айта кетейік, Гаага конференциясының құрамына 79 ел мен Еуропалық Одақ еніп, 80 мүшеге жетті.Гаага конференциясының құрамына ену Қазақстанға ортақ істер мен саясат жөніндегі кеңеске қатысуға, конвенция жобаларын әзірлеу үшін арнайы комиссиялар жұмысына қатысуға немесе Гаага конференциясы жұмысының аясында халықаралық жеке құқықтың барлық мәселелерін зерделеуге, Гаага конвенциясына үйлестіруді талдау барысында Гаага конференциясы мен оның мүшелерінің сараптамалық (техникалық) көмегін алуға, немесе өзге Гаага конвенцияларына қосылудың иімділігі мәселелерін қарастыруға мүмкіндік береді.
Қайрат Жандыбаев
-
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы