- Басты
- Жаңалықтар
- «Көне Тараз» паркі ЭКСПО-2017 қонақтары аралайтын орындар тізіміне енгізілді
«Көне Тараз» паркі ЭКСПО-2017 қонақтары аралайтын орындар тізіміне енгізілді
Бүгінде Тараз – Жамбыл облысының ораталығы және жарты милионнан астам тұрғыны бар, Қазақстанның оңтүстік ірі индустриалды және мәдени орталығы. Тарихи ескерткіштерге бай қорының арқасында шаһардың туристік әлеуеті зор. 2011 жылы басталған көне шаһардың археологиялық қазба жұмыстары екі мыңжылдық тарихы бар бірегей артефактілерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Ғалымдардың айтуынша мұнда асфальт астында ескі қала бар және оның жасы кем дегенде екі мыңға жетеді.
«Алты жыл қатарынан көне Тараз қаласының кеңауқымды археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Осы уақыт аралығында археологтар VI-XII ғасырларға тиесілі шамамен 50 мыңдай артефакт тапты, олар ортағасырлық қамал, VIII - IX ғасырлардағы мешіт, медресе, отқа табынушылардың мехрабы, зындан, көне Талас өзені сағасының жағасы, тұрғын үйлердің іргетастары», - деп әкімдіктен толықтырды.
20 гектар алқапқа шолу мұнарасы, Достық үйі мен конгресс-холлы бар этномәдени орталық, «Тараз саздары» стеласы, «Мыңбұлақ» саябағы, қазба жұмыстары барысында табылған экспонаттар қойылған музей нысаны орналасты.
Табылған көне заттар нақышына келтіріліп салынған ою өрнектерге бай және қолдан жасалған. Қыш ыдыс аяқтары, алтын, шыны мен металлдан жасалған заттарда бар. Санкт-петербург Эрмитажынан келген шығыстанушы-мамандар аз уақытта көптеп табылған тарихи құндылықтарға жоғары баға берді.
Енді белгілі болғандай, Қазақ хандығының 550-жылдығына орай ашылған «Көне Тараз» республикалық маңыздағы тарихи ескерткіш – археологиялық парк ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің қонақтары аралайтын қалалар тізіміне енгізілді.
-
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
Азық-түлік бағасы: өсу себептері, тұрақтандыру шаралары, елордадағы арзан азық-түлік сататын орындар -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына қандай шектеу шаралары енгізілді -
Е.Алтынбеков: Жамбыл облысында адвокаттар саны артып, нотариус қызметіне өзгерістер енгізілді -
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады -
Халықты ауыз сумен қамту: Заң жобасына қандай өзгерістер мен түзетулер енгізілді -
«Қоғамдық кеңестер туралы» заңға қандай өзгерістер енгізілді -
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады -
БҚО-ның дамуы: Инвестиция, тұрғын үй, жаңа жұмыс орындары және білім саласындағы мәселелер -
COVID-19: Әлем мемлекеттерінде желтоқсанға дейін карантин енгізілді, Д дәруменінің коронавирусқа әсері