- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да жыл соңына дейін 100 мыңға жуық тұрғын табиғи газбен қамтылады
ОҚО-да жыл соңына дейін 100 мыңға жуық тұрғын табиғи газбен қамтылады
ОҚО әкімдігі хабарлағандай, 2017 жылдың қорытындысымен өңірдегі 57 елді мекен немесе 99,5 мың адам табиғи газбен қамтылып, облыстағы газдандырылған ауыл, аймақтар саны 357-ге (42,3 %), яғни, 1 854 807 тұрғынға (65,3 %) жететін болады.
Мұнан бөлек, осы жылы «Газли-Шымкент» магистралды газ құбыры бойынан Қазығұрт ауданына «Шанақ» автоматтандырылған газ тарату станциясы (әрі қарай АГТС) және Шардара ауданына №18 «Шардара» АГТС құрылыстары жүргізілуде. Нысандарды 2018 жылдың аяғында пайдалануға беру жоспарланған. Бұл өз кезегінде аталған аудандарды толығымен газдандыруға жол ашады.
Айта кетейік, облыс табиғи газбен Өзбекстан Республикасынан келетін «Газли-Шымкент» және отандық «Бейнеу-Бозай-Шымкент» магистралды газ құбырларынан қамтамасыз етіледі. Табиғи газға жылдық қажеттілік орташа 1 млрд.м3 құрайды.
Соңғы 8 жылда табиғи газбен қамтылмаған 203 елді мекен қосымша газдандырылып, жалпы облыстағы 844 елді мекеннің 300 (35,5 % ) елді мекені немесе 1 755 307 тұрғыны (61,8 %) табиғи газбен қамтамасыз етілген.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен облыстың елді мекендерін 2017-2020 жылдары аралығында газдандырудың кешенді іс-шара жоспары әзірленді. Жоспарға сәйкес, 2021 жылға қосымша 383 елді мекендерді (960 195 халық) газдандыру жоспарланған.
Нәтижесінде 2020 жылдың қорытындысымен газдандырылған елді мекендер санын 683 елді мекенге (80,9 % е.м.) немесе 2 715 501 (95,6 %) халыққа жеткізу көзделіп отыр. Жалпы осы бағытқа 2016 жылы республикалық және облыстық бюжеттен 13,7 млрд.тенге (РБ-420,0 млн.тң, ОБ-13,3 млрд.тң) бөлініп, 25 елдімекен газдандырылған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады