- Басты
- Жаңалықтар
- Өзгерістерді дұрыс қабылдаған ұрпақ қана бәсекеге қабілетті бола алады – Д.Елеусінов
Өзгерістерді дұрыс қабылдаған ұрпақ қана бәсекеге қабілетті бола алады – Д.Елеусінов
Елімізде болып жатқан саясаттағы, білімдегі, өнердегі, тағы да басқа салалардағы өзгерістерді дұрыс түсініп, дұрыс қабылдаған біз сияқты жас ұрпақ қана бәсекеге қабілетті бола алады. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» атты мақаласына орай білдірген пікірінде айтылған.
"Сіздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалаңызда атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа тарап, жалғасып келе жатқан қазақ халқының рухани байлығы жайлы өте орынды айтылған. Сіздің сындарлы саясатыңыздың арқасында, ата-анамыздың, тәлімгерлеріміздің бізге берген өнеге, тәрбиесінің арқасында бүгінгі күні біз спортта биік жетістіктерге жетіп отырмыз», - деді спортшы.
Бойымыздағы отансүйгіштік, халқымызға, елімізге, жерімізге деген махаббат, болашаққа деген дұрыс бағдар бізді әрқашан жеңістерге жетелеп отырады.
«Елімізде болып жатқан саясаттағы, білімдегі, өнердегі, тағы да басқа салалардағы өзгерістерді дұрыс түсініп, дұрыс қабылдаған біз сияқты жас ұрпақ қана бәсекеге қабілетті бола алады. Мен, Сіздің сындарлы саясатыңызды әрқашан қолдаймын!», - деп жазған пікірінде.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев