- Басты
- Жаңалықтар
- Президент «Қазақстан халқы» интерактивтік картасын әзірлеуді ұсынды
Президент «Қазақстан халқы» интерактивтік картасын әзірлеуді ұсынды
«Кабинетімде ілініп түрған Қазақстанның үлкен картасына арасында қарап қоямын және облыстардың, аудандардың, қалалардың, ауылдардың атауларына ғана көз жүгіртіп қоймай еліміздің байтақ аумағында барлығымыз бірге атқарып жатқан зор жұмыстарды елестетесің. Сондықтан да біз өзіміз құрып жатқан болашақтың біртұтас халқы болып есептелеміз. Оған апарар жол оңай емес, күрделі әрі ұлы. Өскелең ұрпақ өткен жүзжылдықта қазақстан халқының қалыптасуының күрделілігін ұғынуы керек», - деді Елбасы.
Елбасы айтып өткендей, осы мақсатта «Қазақстан халқы» тарихи интерактивтік картасын құру ұсынылды.
«Электронды карта ежелгі қазақ жеріндегі барлық ұлттардың шоғырлану процесін ашық көрсетіп, мемлекет құраушы қазақ халқының айрықша миссиясын паш ететін болады. «Білім және ғылым министрлігіне Ассамблеямен бірлесе отырып, ғылыми негізде осындай интерактивті картаны әзірлеуді және оны келесі жыл алғыс күнінде таныстыруды тапсырамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Айта кетейік, Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өтуде.
Осыған дейін, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының болашағын қалай елестететінін айтқан болатын.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді