- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы: Елдегі бейбітшілік пен келісім – тұрақты дамудың кепілі
Елбасы: Елдегі бейбітшілік пен келісім – тұрақты дамудың кепілі
«Құрметті отандастар, сіздерді құттықтаймын. Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінгі сессиясы ерекше уақытта өтуде. Біз мемлекеттіліктің үшінші онжылдығына аяқ бастық, аталмыш сессияны күрделі кезеңде өткізіп жатырмыз. Әлемде орын алған жағдай бейбітшілік пен келісімнің тұрақты дамудың кепілі екенін көрсетеді. Күрделі кезеңде құрылған Ассамблея көз алдымызда өзінің киелі миссиясын атқарып жатыр», - деді Елбасы.
Президент атап өткендей, Ассамблея тарихы тұрақтылық пен достықтың, келісімнің шежіресі.
«Ассамблея – бірліктің киелі бесігі, бірегей модель, бір мақсатқа тоғысқан Қазақстан халқы. Біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай 30 дамыған елдің қатарына қосылу. Халықтың өмір сүру деңгейін аталмыш дәрежеге көтеру. Сондықтан, әлемде қандай да бір жағдай болмасын, біз тек алға ұмтылуымыз керек», - деді Елбасы.
Президент өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында рухани жаңғыру мәселесі қозғалғандығын атап өтті.
«Біз басымыздан қаншама дағдарысты өткергенімізді өздеріңіз де білесіздер. Биыл біздің ел экономикалық, саяси, рухани жаңғырудың кешендік шараларына көшті. Оның әрбіреуі біз үшін маңызды. Қазақстанның үшінші жаңғыруы экономикалық гүлденудің бастамасы. Мен бұл туралы Жолдауда да айтқан болатынмын. Мемлекеттің басқару жүйесін жетілдіретін конституциялық реформа саяси жаңғырудың негізі. Ал, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізіндегі жобалар рухани жаңарудың көзі. Экономикалық бағдарламаларды біз әзірледік. Конституциялық реформаларды биліктің барлық тарапына кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Рухани жаңғырусыз біз оларды қамтамасыз ете алмаймыз. Ассамблея халық бірлігінің рухани тұтастығы ретінде аталмыш тарихи құбылыстардан жоғары тұруы керек. Мен бұған сенімдімін», - деді Н.Назарбаев.
Айта кетейік, Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өтуде. «Жаңғырудың негiзi - тұрақтылық, бiрлiк, келiсiм» тақырыбындағы сессияға елiмiздiң түрлi аймақтарынан 1500-ден астам адам жиналды. Олардың қатарында Ассамблеяның барлық өңірлерден келген мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, ҮЕҰ-ның басшылары, ЖОО ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми, шығармашыл зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар.
Ақбота Кузекбай
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда