- Басты
- Жаңалықтар
- А.Садуақасова: ҚХА – Қазақстан құндылықтары естелігінің институты
А.Садуақасова: ҚХА – Қазақстан құндылықтары естелігінің институты
«Бүгін ҚХА-ның 25-ші мерейтойлық сессиясы өтуде және басты тақырып біздің ұлтымыздың рухани жаңғыруы. Президент өзінің ««Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында басты жағдайларды атап көрсетті және олардың барлығы әр қазақстандыққа қатысты. Ол тарих, болашақ, құндылықтар туралы айтқан болатын, менің ойымша бұл ҚХА сессиясының негізгі тақырыбына айналады», - деді А.Садуақасова.
Сонымен қатар, ол атап өткендей, Ассамблея Қазақстанның айтулы оқиғалары туралы естелікті сақтап келе жатқан институт.
«Біз Ассамблеяның Қазақстан құндылықтары естеліктерін сақтап келе жатқан институт екенін білеміз. Ассамблея аясында елімізде тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің тілдері, салты мен дәстүрі, мәдениеті дамуда және жалпы қазақстандық біркелкілік қалыптасуда. Менің ойымша бүгін ҚХА мүшелері өздерінің тың идеяларымен, болашаққа жоспарларымен бөлісетін болады», - деп ағынан жарылды А.Садуақасова.
Сонымен қатар, ол хабарлағандай, ҚХА шарасына Қазақстанның бүкіл аймақтарынан 1,5 мыңнан астам адам келді.
«Бүгінде Қазақстанның бүкіл өңірлерінен делегаттар келді. Біздің аймақтарда филиалдарымыз бен мыңдаған этно-мәдени бірлестіктеріміз бар. Әр облыста Достық үйі жұмыс істейді. Біздің ғылыми-сараптамалық топтарымыз да бар. Және де бүгін олардың барлығы осы залда отыр»,- деп түйді А.Садуақасова.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өтуде.
Қайрат Жандыбаев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы