- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай көрме ашылды (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Астанада Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай көрме ашылды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

KIOSH жобасы 28 сәуір Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орайластырылды.


Көрмені аша отырып ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету мен өндірістік жарақаттануды азайту Үкімет пен ҚР ЕХӘҚМ үшін басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.



ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қауіпсіздік пен еңбек нарығына қатысты көрме өткізеді.

«Осы жылдар ішінде шараға 350 әртүрлі компания мен 10 мыңнан астам адам көрмеге қатысқан. Көрменің басты мақсаты техникалық тауарды ғана көрсету емес, қызмет пен өндірісті па ету. ITECO компаниясымен біз жыл сайын аталмыш көрмені ұйымдастырдық», - деді министр.


Көрмеге әртүрлі елдің 40 компаниясы қатысты.


Өндірістік нысандардағы еңбек жағдайын аттестациялауға талап күшейіп, мұнда сынақ зертханаларының міндетті аккредитациясы болуы қарастырылған.


«KIOSH» көрмесі – өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында тәжірибе алмасу мен соңғы жылдардағы жетістіктерімен бөлісуге арналған Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған алаң.


Көрмеде құрылыс, көлік, энергетика, химиялық, тау-металлургиялық, мұнай-газ өнеркәсібі салаларында қауіпсіздікті жан-жақты қамтамасыз етуге арналған өнімдер мен қызметтер толық ұсынылған.






ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова нысандардың барлығымен танысып, ұйым өкілдерімен әңгімелесті.

«Өндірушілер бұл алаңда кездесіп, көптеген келісімдерді талқылайды. Мәселен, теміртаулық компания өндіріп қана қоймай, өз өндірісін кеңейтіп, компаниялармен ынтымақтастық жүргізеді. Жыл сайын жаңашылдық туады. Оның нәтижесі Қазақстандағы травматизм деңгейін түсіре алдық», - деді Т.Дүйсенова.
Көрмеден кейін аталмыш тақырып бойынша конференция өтті, шарада алты елден келген 50 спикер баяндама оқыды.
Жалпы, көрме екі күнге созылады.
Ақбота Кузекбай
Фото: Арман Мұхатов
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр