- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан-Ресей шекарасында аялдамайтын поездарды бақылау алынып тасталмақ
Қазақстан-Ресей шекарасында аялдамайтын поездарды бақылау алынып тасталмақ
«Хаттамада тараптардың басқаруына берілген темір жол учаскелерінен аялдамай өтетін жолаушылар және жүк поездарын мемлекеттік шекара арқылы өткізу тәртібі көзделеді. Сондай-ақ, аялдамасыз поездар шекара қызметтерінің тарапынан тексерілмейтін болады. Бұл нормалар бір бағытта жолаушыларды жеткізу мерзімін 36 сағаттан 23 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді Ж. Қасымбек.
Сонымен қатар, хаттамада бір тараптың құрамына кіретін, бірақ басқа тараптың аумағында орналасқан темір жол учаскелеріндегі станцияларды ашу және жабу тәртібі, сондай-ақ, бір елдің аумағынан аялдамасыз транзитпен келетін жолаушылар және жүк поездарын басқа тараптың мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу тәртібі айқындалады.
«Хаттамада бір мемлекеттің учаскелерінде жүк операцияларын жүргізу үшін басқа мемлекеттің аумағында станцияларды ашу және жабу мәселелері, енгізілетін өзгерістер көзделеді, осы станциялар басқаруындағы мемлекеттің техникалық-нормативтік құжаттарымен регламенттеледі», – деп атап өтті Ж. Қасымбек.
Министр хаттамада шекаралық аудандарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселелері регламенттелетінін де айтып өтті. Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдарға тиісті конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу жөніндегі өкілеттіктер беріледі.
«ҚР жергілікті атқарушы органдары және РФ субъектілерінің атқарушы билік органдары жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін шығыстары тараптар мемлекеттерінің тиісті шекара маңы субъектілерінің бюджеттері есебінен субсидиялауға жататын, теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды анықтау бойынша конкурс өткізу қағидаларын, тасымалдаушылардың теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты шығыстарын субсидиялау қағидаларын, тасымалдаушылардың теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты шығыстарын субсидиялау көлемдерін анықтау әдістемесін әзірлеп, бекітеді», – деп мәлім етті Ж. Қасымбек.
Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта Ресей аумағында 7 учаске және Қазақстан аумағында 8 учаске бар екенін және оларда 63-тен астам станция жұмыс істейтінін хабарлады.
«Болашақта біз жаңа станциялар ашпауды жоспарлап отырмыз. Жұмыс істеп тұрған станцияларға қызмет көрсетіліп, қосымша операциялар беріледі. Жаңа жүктер келген жағдайда қажет болған кезде мұндай операция үшін станциялар ашылатын болады. Бүгінде Қазақстан аумағы арқылы тәулігіне 33 ресейлік және 4 қазақстандық поезд өтеді. Олар шекаралық бақылау кезінде тексерілмейді. Осы келісімнің ратификациялануын қабылдау енгізілген заң жақында ғана қабылданған заңның нормаларына толық сәйкес келетінін болжайды», – деп қорытындылады Ж. Қасымбек.
Қайрат Жандыбаев
-
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау күшейтілмек -
Қоғамдық бақылау мен азаматтық бақылауды күшейту маңызды – Алик Шпекбаев -
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар -
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
Қазақстан халқы сайлауға белсенді қатысып жатыр - Эстониядан келген бақылаушылар -
Мереке қарсаңында елордадағы кафе мен мейрамханалардың жұмысы ерекше бақылауда болмақ -
Коронавирустың екінші толқыны: Жағдай күрделі, бірақ бақылауда -
6 мыңға жуық кәсіподақ бақылаушысы сайлау процесін қадағаламақ -
Интернеттің сапасына бақылау күшейтілмек -
ДДСҰ: Вирустың таралуы бақылауға алынған жерлерде мeктептер ашылуы мүмкiн -
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстайды -
Бақытжан Сағынтаев: Алматыда эпидемиялық жағдай бақылауда, бірақ күрделі