- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚАӨМ-де ақпараттық қауіпсіздік техникалық жобаларын енгізу талқыланды
ҚР ҚАӨМ-де ақпараттық қауіпсіздік техникалық жобаларын енгізу талқыланды
Министрлік хабарлағандай, отырыста екі бағыт – қорғаныс-өнеркәсіп кешені және ақпараттық қауіпсіздік бойынша 31 ғылыми-техникалық жоба қаралды.
Ведомствода хабарлағандай, мақұлданған жобалардың көпшілігі ақпараттық қауіпсіздік салаға жататындығын айта кету керек, осы жобалар, ең алдымен, қуатты құрылымдар және арнайы мемлекеттік органдар үшін көкейкестігімен, олардың пысықталған деңгейімен және ІТ-компаниялар, математиктер мен студенттер кең ауқымын тартуға мүмкіндік беруімен ерекшеленеді, бұл ақпаратты қорғау және мамандандырылған ақпараттық технологияларды әзірлеу саласындағы қызметті насихаттау үшін маңызды болып табылады. Бұған қоса, осы жобаларды іске асыру «Қазақстанның Киберқалқаны» мемлекеттік бағдарламасы аясында маңызды болып табылады.
Қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы жобалар елдің қуатты және құқық қорғау құрылымдарының технологиялық міндеттерін шешу мақсатында көкейкестігімен (қару-жарақ пен әскери техниканың, роботталған техника жүйелерінің жаңа отандық үлгілерін құру және қолданыстағыларын жаңғырту және т.б.), тиімділігімен, өзектілігімен және пысықталған жоғары деңгейімен ерекшеленеді.
Барлық мақұлданған жобалар Министрліктің 2018-2020 жылдарға арналған Мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасына енгізілетін болады.
Бағдарламаның табысты іске асырылуы қорғаныс, аэроғарыш, электрондық өнеркәсібі, ақпараттандыру және байланыс (киберқауіпсіздік) саласындағы ақпараттық қауіпсіздік салаларының ұзақ мерзімді ғылыми және инновациялық саясатының негізін құруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, ақпараттық қауіпсіз жобаларды әзірлеу туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында айтып өткен болатын.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Білім беру нысандарындағы қауіпсіздік шаралары қалай ұйымдастырылып жатыр -
Е.Салтыбаев: Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы - уақытылы жасалған қадам -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі