- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған үй ашылады
Ақтөбеде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған үй ашылады
Ақтөбеде өткен «Мейірімді жүрек» қайырымдылық кешіне 200-ден аса адам қатысты.
«Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап мемлекет басшысы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдауға баса назар аударып келеді. Өсекелең ұрпақтың барлық халықаралық стандарттарға сай білім алуы үшін мектептер, мәдени, спорттық нысандар салынуда. Жыл сайын, бағдарлама бойынша 60-70 бала баспаналы болуда. Сонымен қатар, пәтер кезегінде 1310 бала тұр. Олардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін «ТҚЖБ»-мен, бизнес қоғамдастық өкілдерімен үш жақты келісімге қол қойылды»,-деген Бердібек Сапарбаев екі айдан соң ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 120 орындық, құны 4 млрд. теңге болатын үй өз жұмысын бастайтынын атап өтті.
Кешенді бағдарлама аясында кәсіпорындардың әлеуметтік-патронаттық қолдауымен 490 жетім бала қамтылды. Салынған қаржы құны 27 млн теңгені құрайды. Нәтижесінде, бүгінде балалар үйінің 10 түлегі қажетті қаражатты жинап, баспаналы болуға дайын.
Облыс әкімі Алға балалар үйінің бір тәрбиеленушісіне «Нектар», тұрғын үй кешенінен бір бөлмелі пәтер алуға және тағы бір тәрбиеленушінің үйлену тойын өткізуге сертификаттар табыстады. Алға балалар үйінің түлегі Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-де тегін білім алу сертификатына ие болды.
Шара кезінде емделуге, сонымен қатар «ТҚЖБ»-дегі шотты толтыруға сертификаттар берілді. Бұдан өзге, толық қаржыны жинаған жастар үйінің төрт тәрбиеленушісі жиһаз сатып алатын сертификаттарға ие болса, астанадағы ЭКСПО -2017 көрмесіне 20 билет берілді.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары