- Басты
- Жаңалықтар
- Әскери қызметшілер МӘМС бағдарламасының талаптарымен танысты
Әскери қызметшілер МӘМС бағдарламасының талаптарымен танысты
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес міндетті сақтандырудың негізгі қағидаттарының бірі аударымдарды және (немесе) жарналарды міндетті төлеу қағидаттары, сондай-ақ мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ниеттес жауапкершілігі болып табылады. Заңда сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды төлеуден босатылған азаматтар санаты айқындалған. Аталмыш санатқа әскери қызметшілер, олардың отбасы мүшелері және республикамыздың Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери зейнеткерлері кіреді.
Ведомствода хабарлағандай, әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелеріне, әскери зейнеткерлерге медициналық көмек көрсету ведомстволық медициналық ұйымдарда (әскери госпитальдар мен лазареттерде) жүзеге асырылады. Қызмет өткеру немесе тұрғылықты жері бойынша ведомстволық медициналық ұйымдардың болмауы немесе онда тиісті бөлімшелер, мамандар немесе арнайы жабдық болмаған жағдайда медициналық көмек ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетіледі.
Бүгінгі таңда құрамына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасының өкілдері кіретін ведомствоаралық жұмыс тобы мен «Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қабылданған заң жобасының қорытындысы бойынша көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі мен сапасы жақсаратын болады.
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті