- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ИЫҰ-ның ғылым мен технология бойынша бірінші саммиті өтеді
Астанада ИЫҰ-ның ғылым мен технология бойынша бірінші саммиті өтеді
Келелі отырыста ҚР-ның «Ислам ұйымы конференциясының мүшелері – елдері арасындағы экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы туралы басты келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды.
ҚР ұлттық экономика вице-министрі Ернар Бәкенов атап өткендей, біздің еліміздің Ислам ұйымы конференциясына мүшелігі Қазақстанның мүше мемлекеттермен қарым-қатынасын нығайтуға, ислам кеңістігіндегі саяси және экономикалық процестерге қатысуына оң әсерін тигізеді.
«Қазақстан Республикасы 1995 жылы ИЫҰ-ның толық құқылы мүшесі болды. Қазақстанның келісімге қосылуы Қазақстанның мұсылман елдерімен байланысын одан ары дамытуға, ислам және экономикалық институттармен әріптестік қарым-қатынасын нығайтуға септігін тигізетін болады. Басты келісімге Қазақстан Стамбул қаласында 2015 жылдың 25 қарашасында қол қойды. Қазақстан келісімге қол қоя отырып сауда, инвестицияны қорғау мен одан ары жүргізу, технология трансферті, ғылым саласындағы ынтымақтастық бойынша әріптестікті күшейтуге мүдделі», – деп түсіндірді вице-министр.
Сонымен қатар, келісім аясында сауда айырбасын нығайту мен дамыту шаралары қолға алынады.
Айта кетерлік жайт, Астанада ағымдағы жылдың 10-11 қыркүйегінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің жабылу күндері Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым мен технология бойынша бірінші саммиті өтеді.
Заңжобасы Сенаттық қарауына жіберілді.
Ақбота Күзекбай
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді