• Басты
  • Т. Дүйсенова Дүниежүзілік банк сарапшысымен жұмыспен қамту орталықтарын жаңғырту мәселесін талқылады
25 Сәуір, 2017 20:19

Т. Дүйсенова Дүниежүзілік банк сарапшысымен жұмыспен қамту орталықтарын жаңғырту мәселесін талқылады

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Дүниежүзілік банк консультанты Жаклин Маццамен кездесіп, оның барысында «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» бірлескен жобасы аясында халықты жұмыспен қамту орталықтарын жаңғырту және даму мәселелері талқыға салынды, деп хабарлады ведомство.

Т. Дүйсенова Дүниежүзілік банк сарапшысымен жұмыспен қамту орталықтарын жаңғырту мәселесін талқылады | Strategy2050.kz

Дүниежүзілік банк сарапшысы Жаклин Маццамен кездесу басында Тамара Дүйсенова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыспен қамту орталықтарын (әрі қарай - ЖҚО) жаңғырту бойынша жүргізіп жатқан жұмыс жайлы әңгімеледі.

««Қызмет көрсетудің жаңа стандарттары түзіліп, жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік меке

ме сипатынан шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып өзгереді. Бұл арқылы, жекеменшік саладағыдай, орталық қызметкерлерінің еңбегі түпкі нәтижесіне қарай төленетін болады. Сонымен бірге, жұмыспен қамту орталықтары жаңа компьютерлермен жабдықталып, министрліктің барлық ақпараттық жүйесіне және эталон базаларына қолжетімділікті қамтамасыз ететін бағдарламалық кешендер орнатылады. Көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту мақсатында Астана, Алматы қалаларында электрондық кезек енгізілді. Жыл аяғына дейін электрондық кезек еліміздің барлық облыс орталығында орналасқан жұмыспен қамту орталықтарында іске қосылатын болады.

Азаматтардың жұмыспен қамту орталықтарының қызметіне қолжетімділігін арттыру үшін тиісті 237 орталықта ЖҚО мамандарына 272 жұмыс орны ұйымдастырылды», - деп жеткізді Тамара Дүйсенова.

Ведомство басшысы Қазақстанда электрондық еңбек биржасын құру қолға алынғанын атап өтті.

«Азаматтардың жұмыс табуы мен жұмыс берушілердің білікті қызметкерлер іздеу үдерісін жеңілдету үшін электрондық еңбек биржасын құруға кірістік. Бұл дегеніңіз, жұмыспен қамту орталықтары, ізденушілер, кәсіпорындар, түрлі меншік сипатындағы ұйымдар, персонал таңдаумен айналысатын рекрутинг компаниялары сынды еңбек нарығындағы барлық мүдделі тараптардан жиналатын тегін әрі біртұтас ақпараттар базасы жасалады. Осы арқылы, аталған онлайн-платформаны дүниеге әкелудің арқасында, дәстүрлі еңбек қатынасы бос жұмыс орындары мен персоналды дербес таңдау бағытына ауысады», - деді Тамара Дүйсенова.

Өз кезегінде Жаклин Мацца жұмыспен қамту орталықтары қызметін өркендетуге байланысты халықаралық тәжірибені назарға ұсынды. Ол жұмыспен қамту орталықтарын реформалаудағы негізгі үрдістер әлеуметтік қызмет көрсетудегі мемлекеттік сипаттан тиімді бизнес-үлгіге ауысудан тұратынын келтірді.

Кездесу қорытындысында Тамара Дүйсенова банк сарапшысына жүргізілген жұмыс үшін алғыс айтып, министрлік жұмыспен қамту орталықтарын жаңғыртуда үздік әлемдік тәжірибелерді қолдануға дайын екендігін білдіртті.

Еске сала кетсек, «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Дүниежүзілік банктің арасындағы қарыз беру туралы келісім аясында жүзеге асырылып келеді. Жоба ауқымында 20 мың жұмыссыз және өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған қазақстандықты еңбек нарығының сұранысына қарай оқыту жоспарланып отыр. Қосыша 12,7 мың кәсіпорын қызметкері кәсіби дағдыларды жетілдіру мен еңбек өнімділігін көтеру бойынша оқудан өтеді.

Жобаны іске асыру мерзімі – 2020 жылға дейін, атқарушы тарап - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды