- Басты
- Жаңалықтар
- ҚХА Қазақстанның этностар тарихы жобасын таныстырды (ФОТО)
ҚХА Қазақстанның этностар тарихы жобасын таныстырды (ФОТО)
Ол айтып өткендей, жоба «Тарих толқынындағы халық» мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен жүзеге асырылды. Жобаның мақсаты – елдегі этникааралық, конфессияаралық тарихты, ірі этностардың мәдениеті мен тарихын, салт-дәстүрін зерттеу.
«Алғаш рет Қазақстанның кейбір ірі этностары бойынша тарихи-этнографиялық мәліметтер жүйелендірілді. Салт –дәстүр, әдет-ғұрып, діни көзқарастар бойынша материалдар жинақталды, сондай-ақ, ірі этнос өкілдерінің ғылым, білім, әдебиет, өнер саласындағы жетістіктері сарапталды», - деді ол.
Оның айтуынша, жоба аясында Қазақстан аймақтарында әлеуметтік, этнологиялық, зерттеу жүргізілді. Қазақстанның ірі этностары туралы екі тілде монографиялық еңбектер әзірленді. Оның ішінде орыс, қырғыз, татар, поляк, корей, өзбек, ұйғыр, дүнген, татар, күрт, беларусь, шешен мен ингуш ұлттары бар.
«Аталмыш жұмыстың тәжірибелік қорытындысы алынған материалдарды оқу үрдісінде, тарих пен салт-дәстүрді меңгерту арқылы патриоттықты қалыптастыруда қолдану болып табылады», - деді А.Сәдуақасова.
Ол айтып өткендей, жобаны жүзеге асыруға ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесі мен сарапшылар қатысты. Жоба бойынша сегіз доктор, 10 кандидат, 5 әлеуметтік магистр, тарих, философия мен саяси ғылымдардың өкілдері жұмыс істеді.
«Жүргізілген жұмыс өте ауқымды. 17 кітап 17 этнос бойынша шығарылды. Болашақта этностар тізімі толығады», - деді ол.
Қайрат Жандыбаев
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Студенттер жатақханасындағы орын тапшылығы: Мәселе қалай шешіліп жатыр -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары