- Басты
- Жаңалықтар
- Егіс науқанын жүргізу үшін Азық-түлік келісім шарт корпорациясы аграршыларды 300 млн теңгеге қаржыландырды
Егіс науқанын жүргізу үшін Азық-түлік келісім шарт корпорациясы аграршыларды 300 млн теңгеге қаржыландырды
«2017 жылдың 24 сәуірдегі жағдай бойынша осы бағдарламамен 640 млн. теңгеден аса сомаға 14 АШТӨ-мен шарт жасалды. Оның банктерден келіп түскен кепілдіктер бойынша 333 млн. теңге сомасына 4 АШТӨ қаржыландырылды», - делінген хабарламада.
Қысқаша қаржыландыру шарттарын еске саламыз. Көктемгі-күзгі мезгілде Азық-түлік корпорациясы аграршыларға ауыл шаруашылығы өнімдерінің мәлімделген көлеміне алдын-ала төлем жасайды. Астықтың 1 тонна есебінен алдын-ала төлемнің мөлшері жұмсақ бидай үшін – 20 000 теңгені, қатты бидайға – 25 000 теңгені, арпаға – 15 000 теңгені, күнбағыс майына – 45 000 теңгені, сояға – 50 000 теңгені және т. б. құрайды, барлығы дәнді-бұршақты және майлы дақылдардың 15 түрі бар. Комиссия мөлшері: алдын-ала төлем сомасынан 5%.
Алынған қаражаттарды АШТӨ өз қарауы бойынша егіс жұмыстарына бағыттайтын болады. Күз айында астық жинаудан кейін аграршылар Азық-түлік корпорациясына сол кезде орын алған нарықтық баға бойынша тиісті өнімді жеткізуі тиіс. Сонымен бірге, егер нарықтық баға осы және басқа дақылдарға алдын-ала төлем жасалған бағадан жоғары болса, онда Азық-түлік корпорациясы айырманы қосымша төлейді.
Сонымен қатар еске сала кетсек, ағымдағы жылы Азық-түлік корпорациясы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) кепілдігімен АШТӨ-ден астықты форвардтық сатып алу бағдарламасын жүзеге асырмайды.
Бұл шешім бірнеше себептермен шартталды, соның бірі астық өндірушілердің берешектері болып табылады. Жыл сайын жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді орындау күніне АШТӨ тарапынан берешектер 2-5 млрд. теңге мөлшерінде құрайды. Бұл ретте шаруашылықтар алған қаражаттарды негізінен ақшамен қайтарды, олардың 2016 жылға үлесі қаржыландырудың жалпы сомасынан 88% құрады, ол форвардтық сатып алу бағдарламасының өзіне қайшы келеді.
ӘКК кепілдіктері мықты кепілмен қамтамасыз етілмеген, сол себепті олардың Азық-түлік корпорациясы алдындағы берешектерін өтеуде қиындықтар туындайды.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі ӘКК қызметінің бейінді емес және залалды бағыттағы міндеттемелерін кепілдендіруді тоқтату қажеттігі туралы ұстанымды ұстанады. Соның нәтижесінде былтырғы жылы үкімет кепілдік беруде ӘКК қатысуымен жұмыстарды 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқтау туралы шешім қабылдады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды