• Басты
  • Астанада қоқыс өңдеу саласы жаңғыртылады
25 Сәуір, 2017 17:36

Астанада қоқыс өңдеу саласы жаңғыртылады

Астанада қоқыс өңдеу саласын жаңғырту бағдарламасы іске асырылуда, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Астанада қоқыс өңдеу саласы жаңғыртылады | Strategy2050.kz

Елорданың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметтеріне сәйкес, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қала аумағын абаттандыру ережелеріне сәйкес жүргізілуде.

Қоқысты жинау мен шығару бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және контейнерлік алаңдар мен қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлердің санитарлық жағдайы үшін жауапкершілікті белгілеу мақсатында 2016 жылы ведомство қала аумағынан коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша тендер өткізді, оның шеңберінде қала аумағы 24 учаскеге бөлінді.

Өткізілген тендердің қорытындысы бойынша, қазіргі уақытта Астанада қоқыс шығарушы екі ұйым жұмыс істейді, олар коммуналдық қалдықтарды жинаумен және шығарумен айналысады.

 «Жалпы, қаланың аумағында қалдықтарды шығару үшін 70 механизацияланған арнайы техника тартылады. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметтеріне сәйкес, жыл мезгіліне және ауа райына байланысты қала аумағынан 1000 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылады. Қалада 1 842 контейнер алаңында орналасқан 9 227 контейнер бар», - делінген хабарламада.

2012 жылы қалалық мәслихат әрбір категория бойынша коммуналдық қалдықтарды жинақтаудың жаңа нормаларын бекітті – жайластырылған сектор үшін бір адамға жылына 2,16 м³ қатты тұрмыстық қалдық және жеке сектор үшін бір адамға жылына 2,3 м³ коммуналдық қалдық. Жаңа ережелер мен жинақтау нормалары қабылданғаннан кейін елордада қоқыс шығарғаны үшін тұрғындардан алынатын тариф адам басына орта есеппен 260 теңгені құрайды.

Сонымен бірге, бүгінгі күні Астанада «KazRecycleService» ЖШС қоқыс өңдеу кешені жұмыс істейді, 2012 жылдан бері қала аумағынан шығарылған барлық қоқыс сонда жинақталады. Кешен испан технологиясы бойынша жұмыс істейді, онда қоқысты сұрыптау, брикеттеу және өңдеу жүргізіледі. Кешенге салынған инвестиция көлемі 36 млн еуроға жуық. Өңдеудің жобалық қуаты жылына 250 мың тонна қалдықты құрайды.

Сұрыптаудан кейін қалдықтар қайталама шикізатқа өңделеді, нәтижесінде экомақта, таспа, флекс, түйіршектелген полиэтилен ұнтақтары және табақ пластиналар шығарылады. Утилизацияға жарамайтын қалдықтар полигонға жіберіледі. Қалдықтарды өңдеу тереңдігі 10% құрайды. Қалдықтарды өңдеу тереңдігін ұлғайту үшін қала әкімдігі PricewaterhauseCoopers халықаралық консалтингтік компаниясымен бірлесіп Астана қаласында қалдықтарды басқару бағдарламасын жасады.

Онда қалдықтарды өңдеу бойынша инновациялық технологияларды ендірумен қоқыс өңдеу саласын модернизациялау бойынша ұсыныстар әзірленді. Бағдарламада тиісті үгіт-насихат жүргізу арқылы заңды тұлғаларда қоқыстарды бөліп жинау шаралары қарастырылған. 

Бүгінгі күні «Астана Тазарту» компаниясы контейнер алаңдарына пластикті бөліп жинауға арналған 500 контейнер орнатты. Сонымен бірге, 2017 жылдың екінші тоқсанынан бастап қағазды бөліп жинауға арналған 700 контейнер орнату жоспарланған. Сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған жаңа полигонның екінші ұяшығын аяқтау жоспарланған, ол үстіміздегі жылдың соңына дейін тапсырылады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды