- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Астана қаласының нысандарын аралады
Н.Назарбаев Астана қаласының нысандарын аралады
Мемлекет басшысы жоспардан тыс жұмыс сапары барысында елорданың оң жағалауындағы теміржол вокзалының қызметімен танысып, вокзал маңындағы алаңда қала қонақтарымен, тұрғындармен кездесті.
Нұрсұлтан Назарбаев «Сарыарқа» ауданының тұрғындарымен әңгімелесіп, оларға табыс пен бақ-береке тіледі, сондай-ақ қаланың коммуналдық шаруашылық саласы қызметінің жұмысы туралы ойларын тыңдады.
«Мен жас маман ретінде 10 жылға жуық пәтер кезегінде тұрдым. Қазір заман басқа. Ұмтылыссыз ештеңеге қол жетпейді. Табысқа жету үшін жатпай-тұрмай жұмыс істеу қажет, сонда ғана еңбектің жемісін тата аласыздар», – деді Елбасы «Сарыарқа» ауданындағы тұрғын үй кешенінің бірінің тұрғындарымен әңгімелесу барысында.
Қазақстан Президенті қаланың қысқы маусымнан кейінгі жағдайының жақсы екеніне тоқталып, шаһардың қызмет көрсету мекемелері жұмысының нәтижелерін және елорданы абаттандыру, тазалықты сақтау жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Мемлекет басшысы автомобиль жолдарындағы кептеліс проблемалары мен көлік қоятын орындардың жетіспеушілігіне назар аударды.
«Жолдарда көлік өте көп. Қала басшылығы бұл мәселені шешудің жолдарын қарастыруы керек. Қажет болған жағдайда, шетелдік тәжірибе зерттелуге тиіс. Сонымен қатар түрлі ғимараттардың, сауда үйлері мен дүкендердің иелері әріптестерімен бірлесіп, өз аумағындағы тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуі қажет», – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев қаланың «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне уақтылы дайындығының маңыздылығын айтып, барлық тұрғындарды елорданы көгалдандыру ісіне белсене атсалысуға шақырды.
-
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Білім беру нысандарындағы қауіпсіздік шаралары қалай ұйымдастырылып жатыр -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Астаналық құрылысшылар Маминнің тапсырмасын орындауға неге құлықсыз -
Түркістан облысының дамуы: Түркістан қаласының салынуы, Мақтааралдың қалпына келтірілуі -
Түркістан қаласының келбеті қалай өзгереді -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттай алады, талаптары қандай/Кімдер ПТР тест тапсыруы тиіс