• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет басшысы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының жаңа бағытын ашты

Мемлекет басшысы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының жаңа бағытын ашты

20 Желтоқсан, 2013 16:45
Жалпыхалықтық телекөпір барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының жаңа бағытын ашты.

Оңтүстік Қазақстан облысынан тікелей байланысқа шыққан ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаевтың атап өтуінше, биыл ҚР Президентінің тапсырмасымен салынып жатқан «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралінің  жаңа бағыты дайын. 

Елбасының айтуынша, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының «Шымкент-Түркістан» учаскесінде жол қозғалысы оңтүстік аймақтарды қосып, жандандырады. 

Айта кетейік, бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен  «Индустрияландыру күні» өтіп жатыр.

 

 

 

Барлық жаңалықтар