- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның ЖОО-лары білім гранттарын дербес әзірлейді
Қазақстанның ЖОО-лары білім гранттарын дербес әзірлейді
Заң жобасы Ұлт жоспарының 78-ші қадамы мен Үкіметтің 2017 жылға арналған заң жобаларының жұмысы аясында жүзеге асырылады.
«Қазақстанның жоғары оқу орындарының академиялық және басқару еркіндігін кеңейту дегеніміз ЖОО-ларға студенттерді қабылдауға, құрылым тәртібін, білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтауға және ғылыми-білім беру қызметі бойынша еншілес ұйымдарды құруына құқық беруді білдіретінін атап өтті. Бұған дейін осындай артықшылықтар тек ұлттық ЖОО-ларда ғана болған»,- деді Е.Сағадиев.
Министрдің айтуынша, Ұлттық біліктілік шеңберіне біріктіріле отырып білім беру бағдарламаларын әзірлеу қағидасы енгізілетін болады.
«Осының арқасында ЖОО-лар білім беру нәтижелері мен өздерінің құзыреттіліктерінің негізінде дербес білім беру бағдарламаларын әзірлей алатын болады. Сондай-ақ, жоғарғы оқу орындарын лицензиялау жүйесі де өзгереді», - деді министр.
Егер бастапқыда тек мамандық лицензияланған болса, ендігі заң жобасы қабылданған соң жалпы дайындау бағыты да лицензияланатын болады.
Білім және ғылым министрі хабарлағандай, бүгінгі таңда жоғарғы және жоғарғыдан кейінгі білім беруде шамамен 600 мамандық бар.
Сонымен қатар, студенттерге де екі бағыт бойынша оқудың дербес жолын қалыптастыру құқығы берілетін болады, яғни: пәндерді тереңінен меңгеру және пәндерді қосымша меңгеру.
Қосымша меңгеруде бір мамандықта оқып жүрген студенттер өз білімдерін толықтыру үшін қосымша мамандықты да игеруге мүмкіндік алады.
«Мәселен, физика студенттері өзінің білімін заң білімімен толықтыра алады. Ал, экономистер ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен құқық, маркетингпен толықтыра алады. Бұл да халықаралық тәжірибе, бұқаралық түрде тәртіпаралық оқытуды енгізуге жағдай жасайды. Қазір тәжірибеде педагогикалық мамандықтар бар, мәселен, физика-математика, биология-химия. Қазір ол барлығына кеңінен таралған», - деді ол.
Ақбота Күзекбай
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет