• Басты
  • Қазақстанда бұқаралық денсаулық сақтау қызметі құрылады
25 Сәуір, 2017 11:32

Қазақстанда бұқаралық денсаулық сақтау қызметі құрылады

2016 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ДДСҰ бірлесіп бұқаралық денсаулық сақтаудың негізгі 10 жедел қызметіне өзін-өзі бағалау жүргізді. Сол бағалаудың негізінде, отандық және халықаралық сарапшылармен бірлесіп бұқаралық денсаулық қызметі жобасының үлгісі жасалды. Жоба туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚР Үкіметінің отырысында айтып берді.
Қазақстанда бұқаралық денсаулық сақтау қызметі құрылады

Бұқаралық денсаулық қызметінің миссиясы Қазақстан халқының денсаулығын мойындалған әдістер арқылы сақтау және нығайту.

«ЭЫДҰ елдерінің бұқаралық денсаулық қызметі саласындағы тәжірибесін сараптап, санитарлық қызметтің орнына бұқаралық денсаулық қызметі келгені жөн екеніне көз жеткіздік. Халықаралық тәжірибелер елімізде бірыңғай бұқаралық денсаулық сақтау қызметін құруға уақыт келгенін көрсетіп отыр», - деп атап өтті ведомство басшысы.  

Министрдің айтуынша, Қазақстанда негізгі ауру уақыты мен қайтыс болу жағдайлары инфекциялық емес созылмалы аурулармен байланысты және бұл бүкіл әлем елдеріне тән жағдай. Олар артериалды гипертония, созылмалы өкпе ауруы, қант диабеті мен онкологиялық аурулар.

«Жалпы, әлем бойынша қайтыс болатындардың 70%  созылмалы инфекциялық емес аурулардан көз жұмады. Бұл жылына шамамен 40 млн өлім. Ал, инфекциялық аурулардан еліміз бойынша науқастардың 2% ғана бақилық болады. Сәйкесінше Қазақстанда созылмалы ауруларды диагностикалық емдеу үшін шығын көлемі артып келеді және бүгінде ол мемлекеттің жалпы денсаулық сақтауға шығынының 95-96% құрайды», - деді ол.

Осы ретте, Е. Біртанов атап өткендей, созылмалы ауруларды емдегеннен гөрі, оларды алдын ала анықтауға ерекше дең қою керек. Бұл көптеген әлем елдерінде жасалады.

«Біз елімізде жалпы шығынның 3% ғана алдын алу шараларына жұмсалады. Ал, ЭДЫҰ елдерінде ол 19% құрап отыр. 2016 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ДДСҰ бірлесіп бұқаралық денсаулық сақтаудың негізгі 10 жедел қызметіне өзін-өзі бағалау жүргізді.  Сол бағалаудың негізінде, отандық және халықаралық сарапшылармен бірлесіп бұқаралық денсаулық қызметі жобасының үлгісі жасалды», - деп толықтырды ол.

Қызметтің жұмысы негізгі 3 бағыт бойныша жүзеге асырылады және бұқаралық денсаулық сақтаудың негізгі 10 жедел қызметін қамтиды.

«Бірінші мақсат –  инфекциялық және инфекциялық емес аурулар бойынша кең ауқымды мониторинг жүргізу. Екінші мақсат – денсаулықты нығайту бойынша шараларды нығайту. Үшінші мақсат бұқаралық денсаулық ұйымын институционалды дамытуды қамтамасыз ету. Мақсатқа сектораралық байланыссыз қол жеткізу мүмкін емес», - деп түсіндірді Е. Біртанов. 

Бұл салада негізгі стратегиялық орган – ҚР Үкіметі жанындағы Денсаулық қорғау бойынша ұлттық үйлестіру кеңесі.  Азаматтардың денсаулығын нығайтуда барлық орталық және атқарушы органдардың, сонымен қатар БАҚ мен ҮЕҰ, бизнес қауымдастығының ат салысуы қажет.

Ақбота Күзекбай

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды