- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада мектепке дейінгі мекемелердің тапшылығы төмендеді – әкімдік
Астанада мектепке дейінгі мекемелердің тапшылығы төмендеді – әкімдік
Елордалық Білім басқармасының мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күні Астанада 7 жасқа дейінгі 169 070 бала тіркелген. 1-6 жас аралығындағы балаларды қамту көрсеткіші - 47,5%, 3 - 6 жас аралығындағы балаларды қамту 70,6% құрайды, мектеп алдындағы дайындықпен қамту деңгейі - 99,6%.
Сондай-ақ, қалада мамандандырылған балабақшалар, 3 санаторийлік туберкулезге қарсы балабақша бар. Арнайы мақсаттағы «Алтын бесік» және «Асыл бөбек» балабақшаларында 290 бала білім алуда.
Мектепке дейінгі білім беру нысандарының құрылысына да ерекше назар аударылып отыр.
Білім басқармасы мамандарының пікірінше, бүгінгі күні елорданың мектепке дейінгі мекемелеріндегі орындардың тапшылығы жаңа балабақшаларды пайдалануға берудің арқасында төмендеп келеді. Мысалы, 2016 жылы 440 орындық 3 балабақша іске қосылып, 5 балабақшада 356,5 млн теңге қаржыға күрделі жөндеу жүргізілді.
Сонымен бірге, елордада 116 жеке меншік балабақша бар, оның 74-і типтік ғимараттарда 42-сі бейімделген ғимараттарда орналасқан.
Бұл салада МЖӘ қарқынды дамуда. Бұл 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту мәселесін шешуге мүмкіндік береді. 2016 жылы 44 жеке меншік балабақша ашылып, оларда мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. МЖӘ жобаларын іске асыру бойынша өткізілген байқаудың қорытындысы бойынша 6 балабақшаның құрылысы бойынша 3 жеке әріптес анықталды. Сондай-ақ, 8 балабақша бойынша жобаны жүзеге асыру үшін тұжырымдама әзірлеу жұмыстары жалғастырылады.
МЖӘ шеңберінде Астана қаласының әкімдігі мен ұлттық компаниялар, холдингтер арасындағы меморандумдарға сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдардың желісі ұлғайып отыр.
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы