• Басты
  • Эр-Рияд Қазақстаннан ет өнімдерінің жеткізілуіне қызығушылық танытып отыр
25 Сәуір, 2017 10:57

Эр-Рияд Қазақстаннан ет өнімдерінің жеткізілуіне қызығушылық танытып отыр

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Сауд Арабиясына сапар барасында әріптесі Адель аль-Джубейрмен және Энергетика, өнеркәсіп, минералды ресурстар министрі Халед аль-Фалехпен, сондай-ақ Қазақстан экономикасына инвестиция жасайтын Сауд Арабиялық компания басшыларымен келіссөздер өткізді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Эр-Рияд Қазақстаннан ет өнімдерінің  жеткізілуіне  қызығушылық танытып отыр

Сауд Арабия Сыртқы істер министрлігінде кездесу барысында Қ. Әбдірахманов «ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 24-25 қазандағы Эр-Риядқа ресми сапары  екіжақты қарым-қатынастардың жаңа кезеңіне жол ашты, болашақта қарым-қатынастарымыз дамып, нығайа түсетіндігіне кәміл сенеміз», - деп айрықша атап өтті. Осыған орай, министр әріптестерімен жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді іске асыруды талқылады.

Қазақстандық тарап Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы және басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі Эр-Риядпен ынтымақтастығын бағалайды, сондай-ақ Астана қаласында штаб-пәтері орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын құруға Сауд Арабиясы қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.

ҚР Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясы тарапын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі аясындағы еліміздің қызметі, Астаналық процесі ағымы туралы хабардар етті. Осыған байланысты, келіссөздер барысында  Эр-Риядтыңсириялық дағдарысты реттеу процесінде осы саладағы жағдайға ықпал ететін күш ретінде маңызды үлесі талқыланды. Тараптардың ортақ пікірінше, Сириядағы қақтығыс және оны қарулы күшпен шешу бағамының одан әрі жалғасуы барлық тараптар үшін жеңіліске әкелетін нәтижесіз жол болып табылады.

Бұл тұрғыда, министр 2016 жылы сәуірдегі Ыстанбұлдағы Ислам Ынтымақтастық Ұйымы саммитінде Сауд Арабиясы тарапынан қолдауға ие болған «Ислам әлеміндегі татуласу» жөніндегі ҚР Призиденті Н. Назарбаев пен Түркия Призиденті Ердоғанның бірлескен бастамасы маңыздылығын атап өтті.

Екіжақты сауда-инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылау кезінде оны жандандыру үшін ең перспективті салалар ретінде мұнай-химиясы, бейбіт мақсатта атом энергиясын пайдалану, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылымдық жобалары аталды. Бұл бағыттар 2016-2017 Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастықтың жұмыс бағдарламасында көрсетілген. Қазіргі уақытта Астана қаласында осы жылдың екінші жартысында ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Эр-Риядта ауыл шаруашылығы секторына, атап айтқанда, Қазақстаннан ет өнімдерін жеткізуге мүдделі екендіктерін білдірді. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысында сауд инвесторларының қатысуымен жаңа құс фабрикасын сатып алу ірі жобасы жүзеге асырылуда.

 Министр сауд тарапына «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы үшін алғысын білдірді және Әмірлік павильоны көрменің ең ірі және ең қызықты павильондарының бірі болатындығын еске салды. «Сауд Арабиябизнес-қауымдастықтары әлемдік деңгейдегі осы маңызды іс-шараға белсенді түрде қатысады деп үміттенеміз», – деді ол.

 Корольдіктің өтелмейтін қаржылық көмек есебінен Парламент Сенатының ғимараты және Астанадағы кардиохирургиялық орталық, Осакаровка – Вишневка тас жолы, Семейде туберкулезге қарсы балалар ауруханасы, Петропавл қаласында мешіт салынды. 2016 жылы қазанда Сауд Арабиясы тарапынан Астанадағы «Ана мен бала орталығы» бағалы медициналық жабдықтарды табыс етілді.

Қ. Әбдірахманов өткен жылы Сауд Арабиясының королі Салман  ұсынған «Saudi Vision - 2030» аттыСауд Арабиясы экономиканы әртараптандыруға бағытталған реформалар бағдарламасын жоғары бағалады және Қазақстан-2050 стратегиясының, Президент Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауымен оның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласыныңмақсаттарымен үндестігін атап өтті.

 Эр-Риядта министрлер кездесуі дәстүрлі түрде достық және сенімгерлік атмосферада өтті және мұсылман әлеміндегі аталған маңызды елмен Қазақстанның қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға ықпал етті.

25 сәуірде Қ. Әбдірахмановтың Сауд Арабиясы мен Кувейт елдерінің өңірлеріне жұмыс сапар бағдарламасы жалғасады.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды